Bugin

60 жастағы ер адамды жас әйел сан соқтырып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

60 жастағы ер адам әйелінің озбырлығына шыдамай "Көреміз" бағдарламасынан көмек сұрап келген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жақсылық Әбдәкімов бір баласы бар келіншекті жар етіп алады. Өзімен келген баласына тегін береді. Бірақ әйел бір айдан кейін үйден кетіп қалған. 

"Мен үйленер кезде баласы барына қарамаймын дедім. Менің өзімде бала жоқ, сол үшін бұл баланы бағамын дедім. Ол үйге келіп тамағымды беріп жүрді",- дейді ақсақал.

Сөз байласқан әйелі кетіп қалған соң Жақсылық Әбдәкімов олардан күдерін үзген. Бірақ тегін бергендіктен әлі күнге алимент төлеп келе жатқанын айтты. Әрі келіншек тағы бір бала босанған. Оның да туу туралы куәлігіне Жақсылық Әбдәкімовтың аты жазылған. 

"Мен ол балалардың әкесі кім екенін білмеймін. Өмірде түрлі жағдайлар болады. Ешкімді кінәламаймын. Олар періште ғой. Менің басымнан алимент алынса болды",- деді Жақсылық Әбдәкімов.