Bugin

“Наурыз” бағдарламасына бір күнде қанша өтінім қабылданғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

25 сәуір күні "Наурыз" жаңа ипотекасына өтініш беру басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Бәйтерек Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ мәліметінше, кеше сағатына 400 өтініш қабылданған. Өтініштерді қабылдау маусым айының соңына дейін созылады.

"Алғашқы күннің қорытындысы бойынша қазақстандықтар бас-аяғы 3 347 өтінім жолдады. Тұрғын үйі барлар мен депозитін қажетті сомаға, 1 млн теңге толтырмағандардың өтінімдері кері қайтарылды. 1 124 өтінім сәтті қабылданды, олардың жартысы тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерінен келіп түсті", - делінген хабарламада.