Bugin

Алматы облысында тағы да жер сілкінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото. Жер сілкінісі. depositphotos.com

Сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 6 мамырда Алматы уақытымен 9 сағат 12 мин 44 секундта жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай Қазақстан мен Қырғыстан шекарасында 194 шақырым жерде орналасқан.

Ведомство жер сілкінісінің сезілуі туралы:

"Алматы облысының Кеген ауданының Кеген ауылында 2-3 балл, Қарқара ауылында 3-4 балл, Тоғызқұмалақ ауылында 3 балл",-деп мәлімдеме жасады.

Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.