Bugin

Атырауда оқушы адам өмірін сақтап қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: инстаграм @atyrauoil

Атырауда жасөспірім оқушы адам өмірін құтқарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы atyrauoil инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Оқиға 4 мамыр күні болған. Сағат 17:00 шамасында М. Өтемісов көшесінде орналасқан көпқабатты үйден өрт шыққан.  №12 мектептің оқушысы пәтердің есігін бұзып, 8 жастағы баланы құтқарып қалған.

Куәгерлердің сөзінше, оқушы бір сәтте ойланбастан, түтін шыққан үйге кірген.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жәрдем беріп, 50-ге жуық тұрғынды эвакуциялап, қауіпсіз жерге шығарған.