Weekend

Қатты аяз 40 градусқа дейін барады

25-27 желтоқсан күндеріне арналған ауа-райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Синоптиктер 25-27 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

Синоптиктердің мәліметінше, аяздың беті әлі қайтпайды.

 "Таймырдан Сібірге жылжитын суық антициклонның сілемі Қазақстанның көптеген облысына қатты аяз әкеледі. Солтүстік орталық және шығыс облыстарында түнгі температура минус 32…37 градусқа дейін төмендесе, кей жерлерде аяз минус 40 градусқа дейін күшейеді. Тіпті Қазақстанның оңтүстік-шығысында да суытады, кей жерлерде 25…30 градусқа дейін аяз күтіледі", - деп болжады "Қазгидромет" өкілдері.

 Тек батыс облыстарда жауын-шашын, тұман, көктайғақ және күндіз температураның 0-5 градус аязға дейін, оңтүстік-батыста 0…5 градус жылыға дейін жоғарылауы мүмкін екені айтылады.