Weekend

Әлемдік премьерада қыпшақ әнұраны шырқалды (видео)

Қыпшақ әнұраны әлем төрінде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мыңнан астам музыканттар мен ерлер хорының орындауында Codex Cumanicus-тан (XIІІ ғасырдағы «Қыпшақ тілі сөздігі») алынған қыпшақ әнұраны шырқалды. Бұл туралы белгілі саяхатшы Сапар Искаков өзінің YouTube каналында хабарлады. 

"Әлемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаев, әйгілі қазақстандық тенор Медет Шотабаев және американдық опера сопраносы Ангел Блу, әйгілі британдық композитор Карл Дженкинстің SHINE ASTANA одасын салтанатты түрде орындады. Әлемдік бұл премьера 2 шілдеде (2019 ж) «Астана Опера» театрында өтті. Жобаның ерекшелігі сонда, мұнда мыңнан астам музыканттар - Қазақстанның барлық аймағынан келіп қатысты. Сонымен қатар, Италия, Австрия, Германия, Голландия, Греция, Хорватия, Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген өнер иелері атсалысты", - деді Сапар Искаков.