Спорт

Лас-Вегаста Макгрегор – Серроне жекпе-жегі өтеді

UFC

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ultimate Fighting Championship (UFC) президенті Дана Уайт ирландық аралас стильдегі кәсіпқой спортшы Конор Макгрегор американдық спортшы Серронемен күрес жүргізу туралы келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді.

- Конор келісімшартқа қол қойды, Серроне дайын. Олар 18 қаңтарда Лас-Вегаста жұдырықтасады, - деді Уайт.

Қазіргі уақытта 31 жастағы Макгрегор төрт жеңіліске ұшырап, 21 жеңісті (18 мерзімінен бұрын) қонжығасына байлаған. Оның қарсыласы, 36 жастағы Серроне, 50 жекпе-жектің 36-ында жеңіске жеткен, оның ішінде 10-ы – нокаутпен.