Weekend

Шымкенттік оқушы Ұлы даланың 7 қырын әспеттейтін жоба жасап шықты

Ұлттық құндылықты насихаттайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын «Kazakhland» ойын - сауық орталығының жобасын Шымкент қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Сұңғат Әбдіразақ жасаған.

Зияткерлік мектебінде ұйымдастырылған ашық есік күнінде ерекше жоба таныстырылды. Жоба авторы Сұңғат Әбдіразақ бұл жұмысын Елбасының «Ұлы даланың 7 қыры» атты мақаласына сүйене отырып дайындағанын айтады.

Ойын – сауық орталығы 7 секциядан тұрады. Олар: «Ертегілер» елі, «Археология» елі, «Қазақ ән-жыры» елі, «Жылқылар» әлемі, «Қолөнер» елі, «Ұлттық ойындар» елі, «Жыл он екі ай» елі. Орталыққа келген балалар түрлі ұлттық ойындарға қатысып, квесттерді іздеп, ақыл ойын жетілдіретін болады.

Мысалға, «Қазақ ән - жыры» еліне кірген балалар едендегі түрлі ноталарды басу арқылы түрлі күйлер мен әуендерді еститін болады. Домбыра, қобыз, саз сырнай секілді музыкалық аспаптардың бейнесін LED экраннан тамашалап қана қоймай, одан қандай үн шығатынына да қанық болады.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Сұңғат Әбдіразақ жоба шын мәнінде қолдау тауып, қалада бой көтеретін болса, онда туристер үшін таптырмас аймаққа айналар еді дейді.