Саясат

ҚР-ның Сыртқы істер министрі тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысының жарлығымен Бейбіт Атамқұлов ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы  Ақордаға сілтеме жасап.

"Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі  қызметінен босатылсын" делінген Елбасы жарлығында.

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысында дүниеге келген.

1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша аяқтады. 2000 жылы Санкт-Петербор экономика және қаржы мемлекеттік университетін тәмамдады, экономика ғылымдарының кандидаты.

1985 жылдан бастап - А.П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының Жез балқыту зауытында балқытушы.

1986 жылдан бастап - Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, шебер, рафирленген цехтың аға шебері т.б. жұмыстарды атқарды.  

1991 жылдан бастап 2006 жыл бойынша жеке секторда - өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек етті.

2006 жылдан бастап - Кеңесші, РФ-ғы ҚР Елшісінің Кеңесші-уәкілі.

2007 жылдан бастап - Ирандағы Қазақстан Республикасы Елшісінің Кеңесші-уәкілі.

2008 жылдан бастап - Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы.

2010 жылдан бастап - Малайзия, Индонезия Республикасы, Бруней-Даруссалам, Филиппин Республикасында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2012 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы.

2014 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы.

2015 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2016 жылдың қазан айында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалған  болатын.