Денсаулық

Елімізде қауіпті ет өнімдері табылды

Қоғамдық денсаулық қорғау комитеті хабарлайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өнімдердің қауіпсіздігін мониторингтеу барысында Қазақстан аумағына жеткізілген азық-түлік өнімдерінің сынамасынан гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер талабының бұзылғаны анықталды. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы.

Ведомство мәліметінше, Беларусьтан жеткізілген «Дружба» құс фабрикасы» ААҚ-ның  тауық етінен (Қостанай облысының сауда нысандарында) сальмонелла және ішек құрты бактериялары анықталған.

Ал Ресейдің «Омский бекон» АҚ өндірген «Измайловская», «Оригинальная» шұжықтарынан, «Сибирские колбасы» ААҚ-ның «Молочные» сосискасынан «Стародворские колбасы» ЖАҚ-ның «Ветчина столичная Вязанка» ет өнімдерінен, «Восходящая звезда» ААҚ-ның «Особоя» шұжығында (Солтүстік Қазақстан облысының сауда нысандарында) натрий нитратының салмақ үлесі артық болып шықты.

Сонымен қатар, Қостанай облысының сауда нысандарындағы ресейлік «Нагайбакский птицеводческий комплекс» компаниясы өндірген сорпаға арналған тауық еті жиынтығында да сальмонелла бактериялары табылып, мемлекеттік тілдегі таңбалануы жоқ болып шыққан.

Ал Ақмола облысында Ресейдің «Магнитогорский птицеводческий комплекс «Бройлерное производство» ААҚ өндірген тауық етінде, Жамбыл облысында «Птицекомбинат» ААҚ-ның тауық етінде микробтық тұқымдану көрсеткіштерінің сай еместігі анықталды.

Қазіргі уақытта аталған қауіпті өнімдерді сауда нүктелерінен алып тастау және жеткізушілерге қатысты әкімшілік сипаттағы шара қолдану жұмыстары жүргізіліп жатыр.