Weekend

Сәбит Әбдіқалықов пен Азамат Сатыбалды жаңа қызметке тағайындалды

Қос театрдың директоры

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сәбит Әбдіхалықов 2015 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болған еді.

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры лауазымына актер және режиссер, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдімүтәліұлы Әбдіхалықов келді.

Ал танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерІ, Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері Азамат Сатыбалды Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына директорлық қызметке тағайындалды.