Weekend

Жаңа жылда не сыйлауға болмайды?

Сыйлық аларда нені ескерген жөн?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңа жыл мерекесінде әрқайсымыз жақындарымызға көңілінен шығатын ерекше сыйлық сыйлағанды жөн көреміз. Сіздің алған сыйлығыңыз адамның көңілінен шығу үшін қалай таңдау керек? Сыйлық аларда нені ескерген жөн? 2019 жылы қандай сыйлық беруге болмайды?

2019 жылғы жаңа жылда не беруге болмайды?

Сыйлық сыйлауға байланысты халық арасында бірнеше наным-сенімдер бар. Мысалы, пышақ беру-ұрыс-керіс, жанжалдың белгісі. Ал жақыныңызға пышақ сыйлайтын ойыңыз болса, алушының бұны ерекше бір символға теңеп алуын ескертіңіз. Сол сияқты бос әмиянды сыйлау-кедейліктің белгісі. Мұндай кезде әмиян ішіне бірнеше монеталар мен тиындар салып берсеңіз, алушыға да жағымды аура сыйлайсыз. Ал жасы келген қарт адамдарға тәпішке, орамал сыйлауға болмайды.   Мұндай сыйлық адамның көңіліне тиюі мүмкін.

Әйелдерге

Әйелге оның кемшілігін көрсететін сыйлық жасамағыныңыз жөн. Егер сіз бетке арналған крем сыйлағыңыз келсе, онда ол әжімді кетіруге арналмаған болсын. Оның орнына теріні ылғалдындыратын, құрамында табиғи өнімі бар крем сыйлағаныңыз жөн болады. Жаңа жылда қыз-келіншектерге мына сыйлықтарды сыйламаңыз:

 

  • Арықтауға арналған шай немесе коктейльдер;
  • Іш киім;
  • Арзан парфюм (тек түпнұсқасын бергеніңіз жөн);
  • Тұрмыстық-шаруашылыққа қатысы бар құрал-жабдықтар.

 

Ер адамдарға

Ер адамға сыйлық сыйламастан бұрын оның талғамына, сүйікті ісіне назар аударыңыз.  Сыйлық ер адамның қаржылық жағдайына (егер ол өте көрнекті болса, және сіз мұны атап көрсеткіңіз келсе), оның физикалық кемшіліктеріне (тіпті кішкентай немесе көрінбейтін болса да) қатысты болмауы тиіс.

Жасөспірімдерге

Жасөспірімдерге біреудің ақылы, біреудің үйреткені ұнамайды. Сондықтан оларға тәрбиеге немесе тамақтану, жүру этикетіне арналған кітаптар сыйламағаныңыз жөн. Себебі мұндай сыйлық сөренің бір бұрышында шаң басып қалады. Сонымен бірге оларға жеке гигиенаға арналған құрал-жабдықтар сыйламағаныңыз дұрыс.  

Балаларға

Балаларға, тіпті қыздарға киім сыйлаған ұнай бермейді. Бала тек маскарад костюміне немесе ханшайымның әдемі мерекелік көйлегіне қуанады. Сонымен қатар олар мектепке арналған құрал-жабдықтарды алғанды ұнатпайды. Ал ақшаны сыйлық ретінде қабылдамайды. Мұндай сыйлықты ерексектерге бергеніңіз жөн.