Спорт

Месси Роналдудың мықты екенін мойындады

Футбол

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Каталониялық "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси туриндік "Ювентус" клубының сұрмергені Криштиану Роналдудың ойын сапасы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Месси "Ювентусты" осы маусымда Чемпиондар лигасында жеңіске жетуге лайықты команда деп есептейді екен. 

Аргентиналық футболшының айтуынша, туриндіктер Роналду келмей тұрып та мықты болған, алайда оның келісімен команда айтарлықтай күшейген.  

Сондай-ақ, Месси мадридтік "Реал" - әлемдегі ең мықты командалардың бірі екенін, алайда оларға Роналдудың жетіспейтіндігі анық екенін айтады. Аргентиналық Испания чемпионаты аясында португалиялық сұрмергенмен қарсы ойнаған күндерін сағынатынын жеткізді.  

Осы маусымда Роналду "Ювентус"сапында 23 ойынға қатысып, 13 гол салды және бес рет нәтижелі пас шығарды. Португалиялық футболшы "Реалдан" туриндік клубқа биыл жазда 112 миллион еуроға ауысты.