Саясат

Ринат Зайытов: Димаш Қытай саясатының құрбаны

Ақынның берген жауабы осындай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елдің сөзін билікке жеткізіп, халықтың сүйікті азаматына айналған Рина Зайытов Аман Тасыған жүргізетін "Талқылайық" бағдарламасында сұхбат берді. Сұхбатта түрлі мәселе айтылды. Айтыс жайлы, шындық, халық пен билік. Сонымен қатар, әлемді аузына қаратқан Димаш Құдайберген жайлы да сөз болды. Ақынның сөзіне үңілсек, Димаш әлемдік әнші ретінде қазақты танытып жүрген жанашыр емес, қытайдың саясаты қана секілді. 

 

«Талант пен ұлтқы қызмет ететін адамды ажырата білу керек. Екеуі мүлде екі бөлек. Мен Димашты «Сендей әншілерден қорқамын» деп сынағанда біздің жастардың оның соңынан еретінін білдім. Ал Димаштың қазіргі образын кім қалыптастырды? Қай ұлт қалыптастырды? Қытай қалыптастырды ма? Олар біздің баланы бізге қарсы пайдаланып жатыр. Мен осылай болатынын білгенмін. Ол болған практика. Бірақ Димаш Қазақстанда жүрген кезінде, мысалға «Саз әлемінде» жүргенде бір адам оны қолынан жетектеп, сол жерге барсын деп сүйреді ме? Жоқ, жарқ етіп шыққан кезде біз мақтануға мәзбіз. Біздің бала, біздің бала дейміз. Егер біздің министрліктің басы істейтін болса оны «Славян базарынан» кейін Қазақстанның опералық паспорты ретінде пайдаланып, керісінше қоюы керек еді. Димаш Құдайбергенов қазіргі уақытта таза Қытай саясатының құрбаны»-дейді ақын.

Сондай-ақ қазақтың атын әлемге танытып жүрген таланттар туралы да ойын білдірген. «Қазақты дүние жүзіне танытып жүрген Ерлан Рысқали, Қанат Ислам, қазақтың шапанын брендке айналдырған Геннадий Головкин. Димашты бұл қатарға қай жағдайда қосамыз? Егер Димаш бір концертінде шығып, микрофонын жерге тастай салып, «Менің ұлтымды осы мемлекет қорлап жатқанда мен бұл жерде ән айтпаймын» деген ерлік жасайтын болса біз сол кезде Димашқа ескерткіш қойсақ та артық емес»-дейді Ринат Зайытов.