Саясат

Түркияда президентке қарсы пікір білдірген қос бірдей телеарнаға айыппұл салынды

Түркия жаңалықтары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркияның радио және телеарана жоғары кеңесі  (RTUK)  елдегі қос бірдей арнаға айыппұл салған. Ақпарат көздеріне сенсек, қос арна тікелей эфирде ел басшысына қарата қарсы ой айтып, халықты азаматтық бағынбауға шақырған.

 

Halk TV мен Fox TV арналарына әкімшілік айыппұл салынып, бірнеше бағдарлама уақытша эфирден алынды.

Halk TV арнасындағы ток-шоу бағдарламасы жабылды. 21 желтоқсан күні белгілі актерлер Мюждат Гезен мен Метин Акпинар ел президенті Реджеп Тайп Эрдоғанға қарата қарсы пікір білдірген.

Қос актердің айтқан ойларын өзі тыңдаған Эрдоған, олардың заң алдында жауап беретінін қадап айтқан. Дәл қазір 75 жастағы Мюждат Гезен мен77 жастағы Метин Акпинар уақытша қамауға алынды. Прокуратура тергеуді бастап кетті.

Дәл осы секілді Fox TV арнасының жүргізушісі елдегі табиғи газдың өсуіне байланысты ой білдіремін деп бармағын шайнап қалған.