Bugin

Алматы әкімдігі тұрғын үй салуға берген рұқсатын қайтарып алды

Бұған дейін Алматы әкімдігі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысына тұрғын үй салуға рұқсат берген еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылдың 29 қазанында қаланы дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген мәжіліс жиыны өтті. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы орталығында тығыз орналасатын ғимараттарға тыйым салуға бұйрық берген еді. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының шығысы мен Қабанбай батыр көшесінің солтүстігіне салынуы тиіс көпфункционал тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды.

Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы “Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы” заңы негізінде бұрын берілген алдын-ала жобаланған құжаттарды кері қайтарып алу туралы хабарлама жіберді.