Hi-Tech

Smart Шымкент: Мәдениет саласындағы жобалар қандай?

Мұрағатты сақтап қалу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында қолға алынған «Smart City» жобасының мақсаты – Шымкент қаласын халықаралық «ақылды» қалалар санатына қосу әрі Қазақстан бойынша елорда мен Алматы қаласынан кейін үшінші смарт-қалаға айналдыру.

Әзірше, мәдениет саласында «Ақылды қала» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба – электрондық архивті енгізу жобасы. Яғни, мұрағаттағы құжаттар мен көне кітаптарды сандық формаға көшіріп, мұрағаттау.

- Жобаның мақсаты - жоғары жылдамдықты планетарлық сканерді, компьютерлік жиынтықты, жедел жүйелерді сатып алу арқылы электронды архив жүйесін орнату. Бұл жоба жоғары цифрландыру санатына жатады, - дейді Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы Айдос Оспанов.