Weekend

Шымкентке биыл қанша турист келді?

Индикатор

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2018 жылы Шымкент қаласының әкімдігі «2018-2020 жылдары қалаға келушілердің санын үнемі көбейтіп отыру» жайлы мақсатты индикатор қабылдаған болатын. Соған сәйкес, 2018 жылы қалаға келген туристтердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 29 пайыз көп болуы тиіс болатын. Ал 2019 жылы – 20 пайыз, 2020 жылы 3 пайызы болуы тиіс. Яғни, келесі жылы Шымкентке, шамамен, 277 мың турист келуі керек.

2019 жылдың алғашқы 6 айының деректеріне сүйенсек, қалаға 111 591 турист келген екен. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,6% көп (2018 жылы – 82 897 адам келген).

2019 жылы алғашқы жарты жылдың ішінде ішкі туризм бойынша 97 мың адам (2018 жылы 74 мың адам) келсе, шетелден 14 мыңнан аса (2018 жылы 8800 адам) туризм Шымкентке келген екен.

Қазіргі уақытта Шымкентте 5 театр, 5 музей мен 41 кітапхана, 10 саябақ, 4 кинотеатр бар.