Weekend

Қазақ туризм: Шымкент он жылдың ішінде әжептәуір өзгерген

Ішкі туризм

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биылдан бастап «Kazakh Tourizm» ұлттық компаниясы туроператорларын ел аралатуға жібере бастады. Ішкі туризмді дамыту мақсатында қолға алған жаңа жоба мамандардың аймақтарды аралап, олардың туристтік потенциалын анықтауға негізделіп отыр.

Әзірше, бес аймаққа жол тартқан агенттік жетекшілері биыл Шымкент қаласына да ат басын бұруды жөн көрген екен.

Елорда мен Алматы қаласынан, Жамбыл облысынан жиналған турагенттік жетекшілері Тараз қаласынан өтіп, Шымкент қаласына келді. Аралауды Бәйдібек би ескерткішінен бастаған олар Қошқар ата өзенін, Тәуелсіздік саябағы мен Дендросаябақты көріп, біраз тамсанды. Сөздерінше, 10 жылдың ішінде Шымкент келбеті әжептәуір өзгерген.

Ішкі туризмді дамыту мақсатында басталған ақпараттық тур енді Сарыағаш, Түркістан және Ақтау бағытымен әрі жылжиды.

«Қазақ туризм» Ұлттық компаниясы ішкі туризмнің статистикасын да қорытындылаған. Нәтижесінде жарты жылдың ішінде Шымкентке 110 мың турист келіпті. Олардың басым бөлігі Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай мен Германиядан келгендер екен.