Саясат

Италия тарихында тұңғыш рет Конституциялық сотты әйел басқарды

Келесі жылдың күзіне дейін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Италияның тарихында тұңғыш рет әйел Конституциялық сотты басқарды: сәрсенбі күні 56 жастағы Марта Картабия бірауыздан төраға қызметіне сайланды.

2011 жылдың қыркүйек айында ол Конституциялық соттың құрамына кірген болатын. Сот органы мүшесінің өкілеттік мерзімі тоғыз жылдан аспайды, яғни, бұл - Картабия оны 2020 жылдың қыркүйек айына дейін ғана басқара алады деген сөз. Алайда әйелдің осындай маңызды лауазымға сайлану фактісі революциялық болып табылады, деп жазады РИА Новости.

Сонымен қатар, Марта Картабия сот жүйесіндегі ең жас сот төрағаларының бірі болып отыр.

- Финляндияның жаңа премьер-министрі (34 жастағы Санна Марин) бұдан былай жас пен жыныстың маңызды емес екендігін айтып өткен еді. Италияда олар әлі де маңызды. Бірақ көп ұзамай олар енді маңызды емес деп айта аламын деп үміттенемін, - деп Картабия «бұл жолды салу» мүмкіндігін мақтан тұтатынын атап өтті.

Жаңа төраға конституциялық құқық саласында беделді маман атағына ие. Оның ғылыми жұмыстары Италия мен шет елдерде танымал. Картабия сондай-ақ Еуропа мен АҚШ-тың бірқатар беделді жоғары оқу орындарында сабақ берген.