Саясат

Түрксіб ауданында қоғамдық көлік мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Түрксіб ауданында күн сайын 38 бағыт бойынша 564 автобус жүреді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық көлік мәселесінің қалай шешіліп жатқанына айтты.

Әкімнің айтуынша, ауданда 38 бағыт бойынша 564 автобус қатынайды. Бүгінде олардың 80%-і, соның ішінде биыл №18, №32, №41, №92 бағыттағы автобустар жаңартылды. Бұған дейінгі кездесуде тұрғындар қоғамдық көліктердің бағытын өзгертуді сұраған еді. Соған сәйкес, №13 бағыттағы автобустың соңғы аялдамасы №24 емханаға дейін ұзартылды. №51 бағыттың автобусы Захаров көшесі арқылы қатынайтын болды және №41 бағыттағы автобус №44 мектепке баратын болды. №36, 41, 74, 86 бағыттарының қатынау интервалы қысқарды.

Қоғамдық көліктің бағыттары "адамдар қайда көп барады" деген принципке бейімделді. Ал сіздердің тілектеріңіз бойынша қала бойынша бағыттарды қайта қарастырамыз, - деді Бақытжан Сағынтаев.