Спорт

Әлем чемпионатында белдесетін балуандарымыз белгілі болды

Венгрияда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын еркін күрес шеберлері анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2018 жылы Венгрия астанасы Будапешт қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. 

20-28 қазан аралығында өтетін дүбірлі додада сынға түсетін еркін күрес балуандарының тізімі белгілі болды. 57 келі салмақта Азия чемпионатының жеңімпазы Нұрсилам Санаев белдессе, 61 келіде талантты жас спортшы, соңғы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Қуат Әміртаев ел намысын қорғайды. Ал 65 келі салмақта Азия біріншілігінің төрт дүркін жеңімпазы Дәулет Ниязбеков өнер көрсетеді. 70 келіде бірнеше халықаралық турнирлердің жүлдегері Амандық Бакеев сынға түссе, 74 келі Болат Сақаев әлем чемпионатының жүлдесіне таласып көреді. Сондай-ақ 79 келі салмақта Бақтияр Ізбасаров, 86 келіде соңғы Азия ойындарының қола жүлдегері Әділет Дауланбаев күресетін болады. Нұрғали Нұрғайыпұлы 92 келіде белдессе, Мамед Ибрагимов 97 келіде бағын сынайды. Ал аса ауыр салмақта Ермұхамед Іңкәр сынға түседі. 

Айта кетейік, 2019 жылғы күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионаты Астана қаласында өтеді.