Саясат

Шымкент қаласының 39 азаматы ҚР Мемлекеттік наградаларымен марапатталды

Ел бақытын тербекткен – Тәуелсіздік!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында Тәуелсіздік күніне орай «Ел бақытын тербекткен – Тәуелсіздік!» атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік жиынға кімдер қатысты?

Салтанатты шараға қала басшысы Ерлан Айтаханов, қаладағы зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, әртүрлі саланың маманлдары және қала тұрғындары қатысты.

Қала әкімі Ерлан Айтаханов барлығын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еліміздің сонау тарихынан біраз әңгіме өрбітті. Ол 1991 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздігімізді алып, Көк байрағымызды БҰҰ-ның төрінде желбіреткеніміз жайлы айтты. Әнұранымызды әлем көгінде әуелетіп, Елтаңбамызды мәңгілік мөрге айналдырдық және төл теңгеміз енгізіліп, Атазаңымыз қабылданды. Осылайша қала әкімі барша жұртты осы қуанышты күнмен құттықтады.

Мерекелік шарада мемлекеттік және қоғамдық салада еңбек сіңірген Шымкент қаласының 39 азаматы ҚР Мемлекеттік наградаларымен марапатталды.