Weekend

Шымкенттің көрікті орны: Ибрагим ата кесенесі жайлы не білеміз?

Туризм

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл - Ибрагим ата кесенесі. Ғимарат қала құрылысы және сәулет өнеріне жатқызылады. Ескерткіш ХІІІ-ХҮІІІ ғасырларда тұрғызылған.

Аталмыш мәдениет орны Сайрам тұрғын алабының солтүстік батыс шетінде, Сайрам-Ақсу жолында, биік жотада орналасқан.

Ескерткіштің республика көлемінде маңызы жоғары.

Бұл шағын төртбұрышты, бір бөлмелі кесене. Оның  үстінде күмбез орнатылған. Есігі оңтүстік-батыс жағында орналасқан. Ол аркаға ұқсас.

Қазіргі кезде ескерткіштің күмбезін қалпына келтіру қиын болады. Оның баспанасы сопақша болып соғылған. Ол жапырақ түрлі темірден жасалған. Бұл ескерткіш күйген кірпіштен тұрғызылған. Сонымен қатар ол сыртынан да, ішінен де құммен сыланған. Кей жерлері ғана ақталған. Ескерткіштің жалпы көлемі: 7,0 х 7,0 м., ал биіктігі 8,25 м.

Бұл ғимараттың авторы мен оны тұрғызған құрылысшылары жөнінде ешқандай мәлімет жоқ. Ескерткіш бастапқы қалпын сақтаған. Бірақ ол уақыт өте ескіріп жатыр.

Бұл ғимаратта 2008 жылы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Ол туралы негізгі библиография мен архив деректері ҚР БҒМ Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтында сақталған.

1982 жылы мәдениет орны қорғауға алынды.