Weekend

Шымкенттің көрікті орны: Қарашаш ана кесенесі жайлы не білеміз?

Туризм

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының Сайрам тұрғын-үй алабының орталық бөлігінде орналасқан Қарашаш ана кесенесі ХІІІ ғасырда салынған. Мұндай күмбезді кесенелер Оңтүстік Қазақстан аумағында кең таралған.

Осыдан сегіз ғасыр бұрын салынғанымен кейіннен уақыт өте келе табиғи жағдайлардың әсерінен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылған. Қазіргі кесене ХІХ ғасырдың ортасында салынды. Ол 27 х 27 х 5 см мөлшерлі төртбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Сондай-ақ, құрылыс барысында ағаш пен саз қолданылды. Кесене сапалы материалдардан және ерекше ұқыптылықпен тұрғызылды. Екі ғасыр ширегінде ескерткіш бұзылған жоқ.

Қарашаш ананың шын есімі – Айша бибі, сайрамдық атақты Мұса шейхтың қызы болған. Айша бибі өмір сүрген XI ғасырда өлкемізде ғылым мен өнердің, мәдениеттің дамыған кезі еді.

Ұлы ғұлама Қожа Ахметтің анасы өз дәуірінің көзі ашық, әдепті, білімді әйелдерінің бірі болды. Қарашаш ананы бүкіл түркі әлемі ардақ тұтады. Ол пәк аналықтың символы  іспеттес.

Аңыздар бойынша Қарашаш сырқатты емдеп, түс жори алатын. Осының арқасында ол өңірдегі тұрғындар арасында кең танымалдыққа ие болды. Қарашаш ана бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Ислам дінінің негіздерін, Құранды жатқа біліп, оны жұрт арасында тарата білген. Айшаның мінез- құлқына байланысты жұрт құрметтеп «Қарашаш ана» деп атап кеткен.