Weekend

Шымкенттің қоғам белсенділері туризмді дамытуға үлестерін қоспақшы

Қала саябақтары жаңа кейіпке енеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

U:projects ұйымы Urban Forum Almaty жобасына байланысты Шымкент қаласында қоғам белсенділері туризмді дамытуға үлестерін қоспақшы. Олар жаңа саябақтың жобасын талқылады.

Shymkent city қалашығына жаңа саябақтың құрылысы, сонымен қатар шаһардағы басқа да саябақтардың, демалыс орындарын, ғимараттардың жобасына өзгеріс енгізу мәселелерә талқыланды. Қоғам белсенділері барша жұртшылықты осы тұста белсенді болуға шақырды.

Қоғам белсенділері қандай ұсыныс жасады?

Urban Forum Almaty жобасының жетекшісі Әділ Нұрмақов, «Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Аюпов және қоғам белсенділері қала саябақтарын әлемдік тәжірибе негізінде салыну туралы ұсыныс тастады.

– Біздің корпарация бүгінгі таңда екі жобаны жүзеге асыруда. Алғашқысы ескі қалашық болса, кейінгісі – Shymkent city жобасының құрылысы. Миллионды қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалуға қолайлы саябақтар салуды өз жауапкершілігімізге алдық. Қосымша Тұран шағынауданы да осы тізімге енеді. Онда 8 гектар аумаққа Президент саябағы салынады, - деді Р.Аюпов.

Рашид Абатуллаұлының айтуынша, Shymkent city қалашығындағы 47 гектар аумаққа үш бөліктен тұратын үлкен саябақ түседі деп жоспарланған. Оның алғашқы бөлігінің құрылысы биыл басталады. Саябақтың жобасын жапон архитекторлары жасап жатқан көрінеді. Ал Ұлыбританияның астанасындағы саябақтарды негізге ала отырып, Шымкент ескі қалашығына жанға сая болатын орындар бой көтереді.

Екінші бөлім нақты ұсыныстарға арналды. U:projects қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тоқтар Әлімбековтің айтуынша, екі мегаполистің мамандары бірлесіп қаладағы саябақтарға зерттеу жүргізіліп, сарапшылардың бағалау жүйесі арқылы қолайлылық деңгейін анықтамақ. Тиісінше қоғам белсенділері жаңа жобаларға ұсыныстарын айтып, қазіргі парктердегі кемшіліктерді түзетуге атсалыспақ.