Тәуелсіз авторларға арналған ереже - на bugin.kz
Марғұлан Ақан - на bugin.kz Марғұлан Ақан

Авторлар үшін

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы

Авторларға арналған

ЕРЕЖЕ


1.    Bugin.kz платформасына тіркелген кез келген автор тәуелсіз боп саналады;

2.    Әр автор мақаласында көрсетілген ойлары мен деректеріне, көзқарасына мақала иесі ретінде толыққанды жауап береді (сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды);

3.    Саяси, діни және ұлтараздық көзқарас  тудыратын мақалалар қабылданбайды;

4.    Авторларға басқа сайттардан сілтеме жасауға немесе дереккөз ретінде мақала беруге (копипаст,рерайд) тиым салынады;

5.    Кез келген мақала ең бірінші Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасында жарық көру керек;

6.  Сайтқа ұсынылған мақалалар сайт әкімшілігі тарапынан қаралып, автордың өз ойын қалпында сақтау арқылы жарыққа шығады;

7.    Сайтқа ұсынылатын мақаладағы суреттің көлемі барынша үлкен және сапалы болуы керек;

8.    Сайтқа кез келген тақырыптағы қоғамдық мәселе көтеретін танымдық-ақпараттық мақалаларды ұсынуға болады;

9.    Әдеби жанрлардың кез келген нұсқасында жазылған (поэзия, проза) шығармалар қабылданады;

10.   Авторларға күніне қанша мақала берсе де шектеу жоқ. Контент сапалы әрі нақты болуы маңызды;

11. Әлеуметтік желіде бөлісу мәселесі:

Тәуелсіз автордың ұсынған 1 (бір) мақаласы 1000 (мың) Bugin-ге жеткен кезде, оның мақаласы ары қарай Bugin.kz сайтының парақшаларында бөлісіледі.

0 Пікір Кіру