Weekend

Отырар кітапханасында бір кітап акциясы өтті

Мәдени шара

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

13 желтоқсан күні Отырар қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Кітапхананы дамыту бөлімінің ұйымдастырумен «Бір ел-бір кітап» акциясын қорытындылау шарасы өтті.


Шараға қаладағы барлық мектеп кітапханашылары қатысып, шара барысында биылғы «Бір ел-бір кітап» акциясына таңдалған Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасы бойынша сурет сайысы өткізіліп, Ә.Тәжібаевтың шығармаларынан өлеңдер оқылып, Ж.Шанин атындағы академиялық драма-театрының актерлері керемет қойылым қойып, қазақтың біртуар тұлғалары Ә.Кекілбаев пен Ә.Тәжібаев туралы Silkway халықаралық университетінің ғылыми-зерттеу институтының директоры Б.Жақыпбеков баяндама оқып, соңында шараға белсене қатысқан оқырмандар марапатталды.