Weekend

Отырар кітапханасында әдеби кеш өтті

Мәдени шара

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласының «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Кендебай Ахаттың шығармашылығына арналған «Ақ төсіне толқынның арзу жаздым» атты әдеби кеш өтті.

«Замана желісі», «Ой тұтқыны», «Көгершін көңіл» және «Бұлқынған жүрек» кітаптарының авторы, ақын Кендебай Ахат 70 жаста.

2005 жылы жарық көрген Көгершін көңіл кітабына ақын Тұманбай Молдағалиев алғысөз жазған.

«Оның өлеңдеріндегі лиризмде жібектің өріміндей нәзіктік те, жас жігіттің қуатындай өршілдік те бар. Туған өлкесінің сұлу табиғатынан жаралған ақкөңіл жырлар жүрегіме жап-жақсы әсер қалдырды»-деп жазды.

Ақыры өлеңге келген екенсің, Кендебай, жүрегіңді ашып кел. Ол сені өзіне құл ғып алмай құдірет қып көтермейді - деп ағалық ақылын да қоса білдірген екен.

Ақын Кендебай Ахат мамандығы дәрігер. Қалам алып, жыр жазды. Өзінің жырға іңкәр жүрегіне кейде өзі де таңырқайтын сыңайлы. Ол ойын ақын Мұхтар Шахановқа арнаған Парадокс атты өлеңінен ой түюге болады.

Жазушы С.Жәнәбіл, ақын С.Нұрманұлы ақын жайында естелік айтып, жыр оқыды. Драматург Сая Қасымбек ақын жырларын оқып, ОҚМПУ студенттерінің әдеби композиция өте сәтті шықты. Ақын әндері орындалды. Ғалымдар Әдемі Толысбаева мен Жанар Акимишева ақын жырларына ерекше тоқталды. Кешті жазушы, ф.ғ.к., доцент З.Жантасова жүргізді. Кешті журналист, жазушы Күлия Смайылханқызы қорытындылады.