Weekend

Бүгіннен бастап не өзгереді?

2019 жылғы өзгерістер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2018 жылдың соңына қарай бірнеше өзгеріс орын алды. Аталған өзгерістер 2019 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енетіні туралы бірнеше ақпараттар мен жаңалықтар аңдатпасы ұсынылды. Сонымен бүгіннен бастап не өзгереді?

 

1. Ең төменгі жалақы 28 мыңнан 42 мыңға дейін  өседі;

2."Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы" қабылданады;

3. Мемлекеттік қызметтің 80 %-ы  электронды форматта көрсетіледі;

4. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен 20%-ға көбейеді;

5.1 қыркүйектен бастап 90 мың мұғалімнің жалақысы артады;

6. Тіркелмеген sim-карталар істен шығарылады;

7. Жалақысы 25 АЕК-тен (63 125 теңге) төмен азаматтар үшін жеке кіріс салығы 10 есе төмендетіледі;

8. 340 миллиард теңге қарызы бар 90 мың кәсіпкерге салық амнистиясы жүргізіледі;

9. Әйелдердің зейнет жасы 59 жасқа дейін ұлғаяды;

10.Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі көлемі — 16 037 теңге;

11. Ең төменгі зейнетақы көлемі — 36 108 теңге;

12.Жаңа жылдан бастап Қазақстанда энергетика саласы үшін жаңа тарифтік әдіснама енгізіледі, сөйтіп, электр жарығы мен тауарлық газ тарифтері төмендейді;

13. 16 жасқа дейінгі балалардың шетелге шыққанда жеке төлқұжаты болуы міндетті;

14. Техникалық төлқұжаттың жаңа үлгісі енгізіледі. Ол кредиттік карта көлемімен бірдей, чипі бар, жүргізуші куәлігі мен жеке куәлікке ұқсайды;

15.Қазақстанда жаңа жылдан бастап автокөлік иелері үшін онлайн сақтандыру енгізіледі;

16. Сақтандыру полисі жоқ жүргізушілерге айыппұл салынбайды;

17.Еңбек кітапшалары электронды болады;

18.Жаңа жылдан бастап темекі қымбаттайды;

19. Күнкөріс минимумының шамасы  29 698 теңге болады.