Саясат

БҚО-дағы Зеленов ауданы Бәйтерек болып өзгерді

Батыс Қазақстан облысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде бірнеше аудан және ауыл-аймақ атаулары өзгерді. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысындағы Зеленов ауданы бұдан былай Бәйтерек деп аталады. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 855 қаулысы.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

"Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

Қазақстан Республикасының премьер-министрі                                                                       Б.Сағынтаев

Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын қайта атау туралы

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының президенті                                                                                       Н.Назарбаев