Weekend

Шымкенттің орталықтандырылған кітапханадан латын әліпбиі кітаптарының көрмесі ашылды

Латын әліпбиі – рухани тұтастық негізі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты  біздің №8 кітапхана бөлімшесінде «Латын әліпбиі – рухани тұтастық негізі» атты кітап көрмесі жасақталып, оқырман қауымға таныстырылды.

Латын әліпбиіне көшу әліпбиді ауыстыра салу емес, бұл – біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды алға  жылжығымыз келетінін растау. Бұқаралық ақпарат құралдарының деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70 пайыз елі латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда. Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт, туризм, тағы басқаларға  қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білідерді.  Демек, латын әліпбиінің біздің Отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Тұтастай алғанда, латын әліпбиіне көшуіміз – дұрыс таңдау. Жастар жағы латын әліпбиіндегі қазақ жазуын тез меңгеріп алады. Мектепте ағылшын тілі оқытылатындықтан, олар латын әліпбиін тез қабылдайтыны сөзсіз. Осылайша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы латын әліпбиі туралы бағытына қысқаша түсініктеме беріп өттік.

Кітап көрмесіне «ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулер», Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл құрал», Қ.Басымұлы «Шығармалар жинағы», М.Алтайдың «Латын негізіндегі қазақ әліпбиі», Өмірзақ Айтбайұлының «Тілтірек. Ой-толғамдар, мақалалар», Ә.Жүнісбектің «Төл әліпби – төл жазу мәселелері», Әбдуәли Қайдардың «Тіл-ғұмыр: Ғылыми мақалалар жинағы», «Латын әліпбиіне көшу: ғылыми-тәжірибелік негіздер, даму процесі және басты мәселелер» кітаптары оқырмандардың назарына ұсынылды. Бұл кітаптарды оқу арқылы кез келген оқырманның ой өрісін арттырары анық.

Манат КЕРІМБЕКОВА,

Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар

жүйесіне қарасты №8 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі.