Weekend

Шымкентте талантты жастар арасында өнер байқауы өтті

Шымкентте бірқатар талантты бақ сынады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры 2019 жыл Жастар жылына орай “Talant studio” шығармашылық орталығымен бірлесіп талантты жастар арасында өнер байқауын өткізді.

Ән айту, көркем сөз оқу және би билеу бойынша сайысқа түскен қатысушылар арасынан үздіктері анықталып, жүлделі орындармен марапатталды.

Байқаудың басты мақсаты  балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, олардың дамуына қолдау көрсету, дәстүрлі ән мен ұлттық күйді дәріптеп, би өнерінің кең ауқымда өрбуіне ат салысу,  өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу, ұлттық тәлім-тәрбиені жастардың бойына сіңіре отырып, эстетикалық сана-түйсінігінің терең қалыптасуына, ізгілік пен адамгершілікке баулу,  ұлтымыздың мәдени өнер саласындағы жетістіктерін насихаттап, оның өркендеуіне ықпал жасау”, –  дейді ұйымдастырушылар