Weekend

Келешекке кемел біліммен!

Жаңартылған білім

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ХХІ ғасыр - нағыз білімнің заманы!

ҚР тұңғыш президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев

Білім – қоғаммен сана үшін ең қажетті маңызды құрал. Өйткені қоғамның дамуы жолында сана қызмет атқарса, сана жоғары дәрежелі білімді қажет етеді. Қазіргі дамыған инновациялық жаңалықтар нәтижесінде адам баласына тереңнен білім алу керек екені насихатталуда. Бұл істің бірден бір дәлелі - бүгінгі күнде мектептер үшін жаңартылған мазмұн бағдарламасы бойынша білім алып жатқандығы. Бастауыш сынып тұрмақ балабақшадан бастап үш тілді біліммен баланың ой өрісін, танымын тереңдетуде. Бұл ретте 1-сыныппен 10-сыныптың аралығы жаңартылған білім мазмұнына көшкен. Яғни, оқушылардан ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау), БЖБ (бөлім бойынша жиынтық бағалау), ЖБ (жиынтық бағалау), секілді алған білімінің нәтижесін баға емес балл арқылы бағалайды.

Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес мектептерде электронды журнал түрінің де құрастырылып, өз жұмысын атқарып келе жатқанына 3 жылға жуық уақыт болды. Пайдасы- ата- аналар мектепке бармай, баласының бағасымен тәртібін үйден- ақ бақылап, көріп, тіпті пікір қалдыруға да бағытталған.

Ендігі жерде аз уақытта мектеп бітіріп, талапкер атануға даяр тұрған 11- сынып оқушыларын мектеп- ұлттық біріңғай тестке емес, жай ғана жалпы білім бойынша дайындауы- оқушылардың ізденіп, өздігімен қосымша білім беретін оқу орындарына барып, мектеп бағдарламасынан тыс білім алуына рұқсат берілгенін растайды.

Атап айтқанда, Жоғары дәрежелі білім беретін Қызылорда облысы Шиелі ауданының «Кемел» білім беретін оқу орталығын негізге алайық. Оқу орталығының іргетасын 2019 жылы тамыз айында Нұғман Дәулет Қыпшақбайұлы қалаған. Оқу орталығында қазіргі таңда 40-қа жуық оқушы білім алуда. Мұнда жеті жоғары санатты мұғалім оқушылардың жоғарғы деңгейде білім алуына мықтап қызмет етуде. Ұлттық біріңғай тестілеудің негізгі үш пәнінен бөлек қазақ тілімен әдебиеті, физика, математика, биология, химия, география, дүние жүзі тарихы сондай-ақ бастауыш және орта буын сыныптары үшін математика, ағылшын пәндері оқытылады.

Бүгінде «Кемел» білім беру оқу орталығының ХХІ ғасырға сай білім беріп жатқаны - қоғаммен сананың айрықша дамуының белгісі. Оқу орталығының негізін қалаған жас маман Нұғман Дәулет Қыпшақбайұлы ағымдағы жылдың маусым айында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің түлегі атанған болатын. Жас маман - орталықтың жас ұстазы.

Еңбек жолын білім беру саласынан бастаған Дәулет Қыпшақбайұлы – «Адам баласына ең алдымен білімнен бұрын тәрбие қажет, өйткені тәріп жоқ жерде білім жоқ, біздің басқа оқу орындарынан басты ерекшелігіміз балаларға тек білімді емес тәрбиені де қатер беруге тырысамыз. Тәртіпке бағынған құл болмады демекші, мұнда келген әрбір оқушы білімммен бірге тәртіпті, адал және саналы болып шығатындай етіп білім беретінімізге сенімдіміз, себебі біздің мақсатыз – сапалы тәрбие, саналы білім!» - дейді берген сұхбатында. «Келешекке Кемел біліммен!» деген сөзді негізгі ұранына айналдырған «Кемел» білім беру оқу орталығының келешекте адымын алшақ басып білім беру саласының биігіне шығатынына нақ сенімдіміз!

Ендеше еліміздің елім дейтін ерлерінің ерекші білімді, саналы, талапты, бәсекеге қабілетті , көзі ашық, көкірегі ояу болып өсуіне кемел білімнің керек екені белгілі. Кемел білім- келешектің күре тамыры екенін ұмытпайық талапкер замандастар!

Қалиев Ердәулет

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,

Ортақшыл ауылы №150 қазақ орта мектебінің

11 сынып оқушысы

Ғылыми-жетекшісі: Жидегүл Әбдіжәділқызы