Weekend

Жарты әлемді аяғынан тік тұрғызып барып берілген соңғы жауынгер

Екінші дүниежүзілік соғыс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Екінші дүниежүзілік соғыстың "өз еркімен" берілген соңғы жауынгері - Хироо Онода.

Соғыстың аяқталғанынан хабарсыз қалған... ең бастысы - қолбасшысынан өз еркімен қаруын тапсыру туралы бұйрық алмайынша соғысқан жапон жауынгері 1974 жылдың 5-наурызында, жасы 52-ге келіп.., жарты әлемді аяғынан тік тұрғызып барып, филиппин полициясына қаруын тапсырады.

1944 жылдың соңына таман АҚШ әскеріне қарсы диверсиялық әрекеттер жасау үшін Онода мен тағы екі жауынгерге олардың әскери басшысы майор Танигучи арнайы тапсырма беріп, филипиннің Лубанг орманында қалдырып кеткен екен.

1972 жылы Имора елді мекенінің маңында филиппиндік әскери патрульді жарып жібермек болып, тоғай жолына соңғы минасын орнатқан жапон жауынгерлері сәтсіздікке ұшырайды. Ұзақ сақталған мина тат басып, жарылмай қалған. Амал жоқ, Онода мен оның серігі - қатардағы Козуко жаяу шабуылға көшеді. Сол қақтығыста Хирооның серігі оққа ұшып, өзі қалың джунглиге кіріп, бас сауғалайды.

Капитульяциядан соң 28 жылдан кейін жапон жауынгерінің филиппин аралдарының бірінде оққа ұшуы берісі бүкіл Жапонияны, әрісі күллі әлемді тік тұрғызады.

Император әскерінің соңғы жауынгерін іздеуге шыққан арнайы әскери жасақ Бирма, Малайзия, Филиппин ормандарын сүзіп шыққанымен, еш нәтижеге қол жеткізе алмайды. Тек, араға жылдар салып барып Судзуки есімді жапон туристі ну орман ішінде көбелек аулап жүріп, кездейсоқ ұшырасып қалған.

Жапон императорлық әскерінің тәртібі бойынша жауынгерге арнайы бұйрық берген басшысы ғана сол бұйрықты бұза алады екен.., сол себепті, Токиода кітап саудасымен айналысып жүрген майор Танигучиді тауып.., ол 3 күн бойына джунгли ішін джиппен кезіп, дауыс күшейткіштен «Мен саған берілуіңді талап етемін!» деп айғайлаумен болған.

Әскери басшысының дауысын таныған Хироо Онода орманнан шығып, ерікті түрде қаруын тапсырып, полицияға берілген. Кейін оған Филиппин президенті рақымшылық жасап, өз отанына аман-есен оралуына жағдай жасалады...

Киіз кітаптан

Ұларбек Дәлейұлы