Саясат

Димаш: Қонаев -қазақтың ардақты перзенті, аса көрнекті мемлекет қайраткері

Димаш арнайы жазба қалдырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Талантты әнші Димаш Құдайберген мемлекет басшысы болған Д.Қонаевтың туған күніне орай арнайы жазба қалдырды.  

Димаш өз инстаграм парақшасына: "Бүгін - қазақ халқының ардақты перзенті, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың дүниеге келген күні. Дінмұхамед Қонаев осындан 108 жыл бұрын 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Халық ұлына айналған Дінмұхамедтің есімін қажылыққа екі рет жаяу барып қайтқан атасы Жұмабай қойған. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы Зәуре Баирқызы 1888 жылы Алматы облысындағы Шелек ауданында дүниеге келген, үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.

Димаш Ахметұлы, өзі айтпақшы, тұп-тура 50 жыл 6 ай 2 күн отасқан жұбайы Зуһра Шәріпқызына деген махаббатын өмір бойы жанына жалау ғып өткен, өле-өлгенше сыйласқан. Кішіпейіл де жайдары Зуһра Шәріпқызы «ұлықтың әйелімін» деп кергуді білмеген. Көпшілдігімен, қонақжайлығымен ағайын-туыс пен дос-жаранның көңілін таба білген. Қайын атасы Меңдіахметтің дәрет алар суына дейін жылытып беретін әдетінен бірде-бір рет жаңылмаған ол ибалы мінезімен ата-енесіне, еліне жаққан сыйлы келін болған. Сондай-ақ Зуһра Шәріпқызы қолынан өнер тамған ісмерлігімен, еңбекқорлығымен де дараланған.

Дінмұхамед Ахметұлы 1930 жылы Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтына оқуға жібереді," - деп жазған. Бұған дейін де Димаш мемлекет қайраткері Қонаев жайлы жазбалар қалдырғаны белгілі.