Спорт

Реал Мадрид - Испания суперкубогінің иегері

11-ші рет жеңіп алып отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Испания суперкубогы финалында «Реал» жəне «Атлетико» клубтары кездесті. 120 минутқа созылған мачта гол соғылмады, жеңімпаз матч соңындағы пенальти сериясында анықталды.

Ойын басында Серхио Рамостың өрескел қателігінен кейін Жаоу Феликс допты қақпаға бағыттай алмады. Ал екінші таймның ортасында Федрико Вальверде 3-4 метірден гол соғатын мүмкіндігін жіберіп алды. 80-минутта қақпашымен бірге-бір шыққан Мората Куртуадан айласын асыра алмады.

Кездесудің 115-минутында қақпашымен бірге-бір шыққан Моратаны шалып жыққаны үшін Федрико Вальверде алаңнан қуылды.

Пенальти сериясында сəттілік Зиданның командасына серік болды - 4:1

Реал Мадрид  – Атлетико - 0:0

Пенальти сериясы — 4:1

Карвахаль (1:0) — Сауль (1:0, қақпа бағанасы)

Родриго (2:0) — Парти (2:0, қақпашы)

Лука Модрич (3:0) — Трипьер (3:1)

Серхио Рамос (4:1).

Реал Мадрид – Куртуа, Карвахаль, Рамос, Менди, Варан, Иско (Родриго, 60), Кроос (Винисиус Жуниор, 103), Каземиро, Вальверде, Модрич, Йович (Мариано Диас, 83).

Атлетико – Облак, Хименес (Савич, 98), Триппьер, Фелипе, Лоди (Льоренте, 89), Эррера (Витоло, 56), Сауль, Корреа, Томас, Жоау Феликс (Арьяс, 101), Мората.

Ескерту: Фелипе (27), Томас (74), Менди (90), Модрич (90), Вальверде (111), Корреа (115), Карвахаль (115), Савич (115).

Алаңнан қуылды: Вальверде (115).