Bugin

Дүкендегі косметикалық сынамалар неге қауіпті?

Қыз-келіншектер күнделікті сауда орталықтарында косметикалық дүкендерге барады. Ал сынаманы қолдану осыншалық қауіпті екенін білдіңіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сұлулық құрбандықты талап етеді. Сондықтан қыз-келіншектер ажарлана түсу үшін боянатыны рас. Ал сәндік косметиканы аларда дүкендегі сынамаларды қолдану қалыпты әрекетке айналғандай. Бұл өнімнің текстурасы, тері мен бет реңіне сәйкестігін анықтауға көмектеседі. Десе де, косметикалық сынаманы қолдану терімізге зиян келтіруі мүмкін.

Дәрігерлер дүкендердегі косметикалық сынамаларды қолданудан бас тартуды талап етеді. Өйткені оларда теріге зиянды түрлі патогендік микроорганизмдер көбеюі әбден мүмкін. Ресейлік дерматолог-дәрігер Наталья Васильева микробиологиялық тәжірибе нәтижесінде сынамалардан ашытқы, зең саңырауқұлағы, Pseudomonas aeruginosa (көкіріңді таяқша), стафилококк және тіпті гепатит пен герпестің барын анықтаған.

Вирустар қарындашқа, ерін далабы мен щеткаларға оңай түседі, өйткені тұтынушылар тауарды лас қолдарымен ұстап, кейде еденге түсіріп алады. Әрі бактериялар сынамаларға қарапайым шаңмен бірге кіреді, уақыт өте келе олар косметикада көбейе бастайды. Сондықтан бояу щеткалары мен өнімдерді жаңартып, тазалап тұру қажет. Қарапайым бір әйелдің өзі жылына 91 сағаттын бет бояуға жұмаса, 70 жасқа дейінгі әйел орта есеппен 43 аптасын боянуға жұмсайды екен. Осыдан-ақ, косметикалық бояулардың қаншалықты сұранысқа ие екенін байқаймыз.

Опа-далапты сауда үйін аралап жүріп, ішіңіз пысқанда жағуды тоқтатыңыз. Қажетті затыңызды анықтап, нақты мақсатпен барған дұрыс. Мұндай косметикалық дүкендерге барарда өзіңізбен:

-  Мақталы тазалау таяқшалары, дискілері;

-  Бактерияға қарсы ылғал майлықтар;

-  Қолды зарарсыздандыруға арналған сұйықтық.

Ерін далабы мен жылтырақтары бактериялардың ең көп кездесетін жері. Оны сынау кезінде ерніңізге жақпаңыз. Оның орнына саусақтардың ұшына жаққан дұрыс, ол сіздің ерніңіздің түсіне ұқсас. Сынап болған соң қолыңызды ылғал майлықпен сүртуді ұмытпаңыз.

Көз бояуы сынамаларын қолдануда беткі қабатын мақталы таяқшамен алып тастап, екінші жағымен жағамыз. Кейін көзіңізді ылғал майлықтармен сүртіңіз. Қолыңызбен жағып, сүрту туралы ойламаңыз. Саусақтарда бактерия мөлшері тіптен көп.

Дүкендегі кірпікке арналған тушь жағып сынауға арналмаған. Мұндағы сынамалар тек тушь щеткасын көру үшін ғана қажет. Зерттеу нәтижелері бойынша, 43% көз бояуға арналған қарындаштар мен кірпік бояуларында ластаушы заттар болады. Кірпіктер тек сұлулығымызды арттыру үшін ғана емес, бактерия мен ластықтан сақтайды.

Дүкендегі қауіпсіз сынамалардың бірі – тональді крем мен түсті ұнтақ. Десе де оны қолға жағып көру арқылы біле алмаймыз. Сондықтан дәл осы күні макияж жасамай, тек бетіңізді ылғалдандырыңыз. Тоналды кремді бет сүйегіңізге жағып, барлық қасиенттері көріну үшін сәл күтіңіз. Кейін ылғал майлықпен сүртіңіз.

Өз косметикалық бояуларыңызды әркез тазалықта ұстаңыз. Сіз тіс щеткаңызды өзгелермен бөліспейсіз ғой, міне сол секілді бояуларыңыз да өзіңізге тиесілі болу керек.