Денсаулық

Ерте тұрудың пайдасы

Ерте тұрудың 5 пайдасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) : "Таң намазын оқығаннан киін ырыздықтырыңды табудан қапыда қалып ұйқтамаңдар" (Табарани) деген екен. Осы сөзді естісекте көп мəн бере бермейміз. Мысалға голливудтың киноларын қараған кезде көбінесе ерте тұрып жаттығу істеп, жүгіріп немесе итін серуендеуге алып шығып жүргенін көреміз. Сол соңғы кезде ойлаймын ырыздығымыздан таңертең ұйықтап қалып қүр қалып жатқан жоқпыз ба деп. Бұрында ауылдық жерде ата-əжеміз, əке-шешеміздің ерте тұрып мал жайғап, сауған сүттерін тартып, от жағып қазандыққа, шай дайындап ішіп отқанын бəріміз көріп өстік. Ал қазір қалада ерте тұрудың қандай пайдасы бар? Не үшін ерте тұруымыз керек? деген сұраққа жауап беріп көрейік.

-1ші денсаулығымыздың жақсы болуы үшін  ерте тұруымыз қажет екен. Статистика бойынша ерте тұратын адамдар жай тұратын адамдардан ұзақ өмір сүреді екен.
-2ші жұмыс өнімділігіңіз артады. Ерте тұрып істелген жұмыз тез бітеді екен. Мысалға сіз 1-1:30 сағ істейтін жұмысты жарты сағатта бітіруіңіз ғажап емес. 
-3ші ерте тұрсаңыз сіз өзіңіздің сүйікті хоббиіңізбен айналысуға уақытыңыз болады.
-4ші сіз ерте тұрып күніңізді жоспарлай аласыз. Бұрыңғыдай жұмысқа асығып таңғы асыңызды ішпей кетсеңіз енді сіз ештеңеге асықпай таңғы асыңызды іше аласыз жəне есіңізде болсың таңертең ішкен асыңыз ағзаңызға күш беретін пайдалы ас.
-5ші ерте тұру əдеті көбінесе табысты адамдардың əдеті. Мысалға келтіретін болсақ "RumiGroup" ресторандарының негізін қалаушы @kuantr, "Сеймар" компаниясының негізін салушы, кəсіпкер, филантроп margulan_seissebai ерте тұру əдетке айналдырған адамдардың бірі.
Осы 5 себептің біреуін таңдап ерте тұруды əдетке айналдырыңыз.
P.S. Келесі жазбамда қалай ерте болатындығы туралы жазамын. Сіз ерте тұрасыз ба? Сіз үшін ерте тұру қиын ба?