Weekend

Пауло Коэльо жазып жатқан кітабын лақтырып жіберді

Бұл балаларға арналған кітап болатын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

НБА-ның атақты ойыншысы Коби Брайант пен бразилиялық жазушы Пауло Коэльо балаларға арнап кітап жазып жатқан болатын, бірақ әуе апатында спортшының қайтыс болуына байланысты жазушы кітаптың черновиктерін өшіріп тастағанын мойындады.

Брайант пен Коэльо бірлескен кітабының жобасы 2016 жылы талқылана бастаған. Жазушы мен спортшы кітап жазуға тек 2019 жылы кіріскен, алайда Кобидің қайтыс болуына байланысты жазушы туындыны өшіріп тастапты.

- Мен оны лақтырып жібердім, өйткені Кобисіз кітапты жариялаудың ешқандай мағынасы жоқ. Мен оған немесе оның отбасына қатысты ештеңе қоса алмаймын, - деді Коэльо. 

Пауло Коэльоның "Алхимик" романы Коби Брайнттың сүйікті кітабы болған екен.

Еске салайық, НБА-ның бес дүркін чемпионы Коби Брайант Sikorsky S-56 тікұшағының құлауы салдарынан қаза тапқан болатын.