Спорт

Әлемдік рейтинг: Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында көш бастап тұр

Әлемдік рейтингте шахматтың 3 түрінен мықтылығын дәлелдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақтың шахматшы қызы, 14 жасында гроссмейстер атанған Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі шахматшылар тізімінде көш бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жансая қазіргі уақытта шахматтың барлық түрінен мықты болып тұр. Ол ЭЛО рейтингі бойынша "классикада", рапидте (жылдам шахмат: уақыты шектеулі партия) және блиц (жылдам ойын) бойынша да көш бастап тұр. 

Осыған дейін ешбір қазақстандық шахматист әлемдік рейтингте бірден үш түрінен мықты болмаған, бұл тарихи жетістік.

2018 жылы желтоқсан айының соңында өткен әйелдер арасындағы жылдам шахматта Әбдімәлік алтыншы орынды иеленді.