Weekend

Өлім зауыты немесе Аушвиц-Биркенау концлагері

Бұл лагерде 1,4 млн адам өлтірілген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Германияда 1933 жылы Гитлер үкімет басына келгеннен кейін дұшпандарын қуғындау және жойып жіберу үшін концентрациялық лагерьлер құрылды. 

Германия Концентрациялық лагерьлерінің (Бухенвальд, Дахау, Заксенхаузен, Ораниенбург, т.б.) тұтқындары, негізінен, неміс ұлтынан тұратын антифашистер мен еврейлер болды. Олар адам төзгісіз жағдайда тұрып, еріксіз еңбекке жегілді және үнемі азаптауларды бастан кешіріп отырды. 1938 – 39 жылдан бастап Концентрациялық лагерь жүйесі жаулап алынған аймақтарға да көшіріліп, осы елдердің халықтарын қырып-жою құралына айналды. Алғашқы Концентрациялық лагерлерге тұтқындар сыймай кетті де, 1939 – 45 ж. жаңа Концентрациялық лагерьлер тұрғызылды. Польшадағы ең ірі концлагер - Освенцим немесе Аушвиц-Биркенау. Басқа концлагерлердің мақсаты тұтқындарды қамап ұстау болса, Освенцим концлагерінің мақсаты мүлдем бөлек еді. Ол мақсат тек өлтіру болды.  

"ARBEIT MACHT FREI" - əлемдегі ең үлкен концлагердің қақпасына ілінген жазу. Аудармасы "Еңбек сізді азат етеді". Бірақ тұтқындарды еңбек емес, өлім азат етті...

Жалпы аумағы 170 шақырымды құрайтын алып концлагерде 1,5 млнға жуық тұтқын болған. Олардың басым көпшілігі еврей ұлтының өкілдері. Нақтырақ айтсақ 1,1 млн еврей. Ал қалған бөлігі фашистік неміс əскерлерінің жаулап алған жерлерінен əкелінген тұтқындар. Бұл концлагерьде 1,4 млн адам өлтірілген. Кейбір деректерде тіпті 4 млн адам өлген дегенде мәлімет бар.

Аушвиц концлагеріне 1940 жылдан 1945 жылға дейін, яғни 5 жыл бойы күніне 10 эшелон адамды əкеп отырған. Əр эшелонда 50-60 вагон бар болса, əр вагонда 50-100 адамға дейін тиеп отырған. Осында əкелінген тұтқындардың бəрін қамай берсе, концлагерде орын қалмас еді. Сол үшін келген адамдардың 70%-ын газ камераларына жіберіп, сосын денелерін крематорийде өртеп отырған.

Қанша ыстық температура болса да адам сүйегі күл болып кетпиді. Сондықтан арнайы тұтқындарға адам сүйегін үгіттіретін болған.

Кімдерді пойыздан түсе сала өлтіруге жіберіп отырған? 

Бірінші орында сəбилерді. Бес жастан асқан балаларды жұмыс істеуге пайдаланған. Көбінесе қарттарды, ауру-науқастарды, мүгедектерді, жұмысқа жарамайтын адамдарды.

Келген тұтқындарды бірден сорттаған. Жұмысқа жарайтындарын бөлек алып, жұмысқа жарамайтындарын бірден газ камераларына жіберіп, сосын крематорийде өртеген. Күн сайын Аушвицтің 30 пешінде 5000 адамды өртеп отырған. Үлгермеген кездері адамдар өлімін 6-10 сағаттай күтіп қалатын кездері де болған.

Адамдарды бұл жерге алдап əкелген. Басқа жаққа көшіреміз деп. Сол үшін тек керекті деген заттарды алуды ұсынған. Қайда алып бара жатқанын барынша жасырған. 

Осында əкелінген адамдардың заттарын сату мен өңдеудің өзінен немістер ай сайын 2 млн марка пайда тапқан. Ал күніне  12 келі таза алтын тапқан. Қалай дейсіз ғой. Өлтірілген адамдардың алтын тістерін суырып алып санағанда. 

Циклон Б газы. Иə, дəл осы газ арқылы тұтқындарды улап өлтірген. Неге дəл осы газбен улап өлтірді? Себебі бұл газ өте арзан. Əрі 4 келісі 1000 адамды улауға жетеді. Жəне бұл газдан адам бірден өле салмаған, жарты сағат бойы қиналып, аузы-мұрнынан қан кетіп азапталып өлетін болған. Сол үшін Циклон Б газын қолданған. Бұл газды əлі де өндіреді. Тыңайтқыш ретінде əрине.

Адамдар газ камераларын жуынатын монша немесе дизинфекция бөлмесі деп ойлаған. Себебі газ камерасының ішіне кірген кезде еуропа халқына түсінікті тілде "шығу" деген жазу болған. Ал шындығында ол жерде ешқандай шығатын есік болмаған... 

Концлагерьде бала туылса оны су толы бөшкеге салып, сосын иттерге немесе адам етін житін тышқандарға тастап отырған...

Бұл лагерді немістің ең жауыз деген 6000 əскері күзеткен. Əскерлер сəл мейірім көрсетсе, бірден соғыс майданына жіберген. Сол үшін олар тұтқындарды қинап-азаптаудан алдарына жан салмаған. 

Концлагерьдегі адамдарға əжетханаға баруға  күніне тек 2 рет, жəне əр қайсысына 30 секундтан уақыт берген. Үлгермесең ұрады, тепкілейді.

Концлагерьге əкелінген адамдарды өте ауыр əрі азапты жұмысқа жегіп отырған. Мысалы, қысты күні əйелдерді мұз ойдыруға жіберген. Жəне суға түскізіп суда мұз болып қатып өлгенше ұстаған. 

Бұл жерде де оңай жұмыстар болған. Ол қандай жұмыс деп қызығып отырған боларысыз.

Ол əжетхана құбырын тазалау. Бір жағынан күн суықта адам нəжісі арқылы жылынып аласың. Оның үстіне  қаншалықты жауыз болсада немістер  оларды ұруға жиіркенген.

Аушвиц концлагерінде өртеген адамдардың күлін немістер тыңайтқыш ретінде пайдаланған. Одан шыққан қызанақ, қиярларды жиіркенбей жеген.

Екі үлкен газ камерасына 1450 адам сиятын болған. Бірақ немістер 1600-1700 адамнан кіргізіп отырған. 

Жəне де бұл лагерде  Йозеф Менгеле деген жауыз дəрігердің лабораториясы болған. 

Менгеле өздері нашар деп тапқан ұлттар ұрпақ сүймес үшін əйелдердің аналық жұмыртқасын суырып алуды зерттеген. Сосын істеген.

Сонымен қатар Менгеле жантүршігерлік зерттеулер жүргізіп отырған. Мысалыға, сау адамға  ауру егіп оның қалай əсер ететінін жəне ол науқас қашан өлетінін, адам терісіне шыны салып ауруға қалай шыдас беретінін зерттеген. Екі егіздің біреуін қинаса екіншісіне əсер ете ме, етпей ме - сол жағында зерттеген.

Бұл концлагерде тірі қалған адам бар ма? Иə, аман қалғандар бар. 1945 жылдың 27 қаңтарында Кеңес əскері мезгілінен 5 күн ерте келіп 7500 тұтқынды аман сақтап қалады. 7500 адамның бəрі тірі қалмаған. Неге? Себебі 5 жыл бойы азапталған əрі əбден ашығып қалған адамдар болған. Тіпті Кеңес дəрігерлері оларды қалай емдеу керектігін де білмеген. 3 ай бойы тек жуаны (пияз) суға қайнатып сорпасын беріп отырған. 3 айдан кейін ет бере бастаған.