Спорт

«Астана» БАӘ-нің жеті дүркін чемпиондарына қарсы ойнайды

Футбол

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Астана» командасының БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиындары аясындағы 24 қаңтар күнгі қарсыласы белгілі болды. 

Қазақстанның бес дүркін чемпиондары БАӘ-нің жеті дүркін чемпионы «Аль Васл» командасына қарсы ойнайды. 

Дубай қаласының командасы чемпиондық атақтарынан бөлек, 2 мәрте ел Кубогында жеңіске жеткен. 

«Аль Васл» соңғы маусымда Азия Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, ішкі біріншілікте қола жүлдеге қол жеткізген. 

Еске сала кетейік, астаналықтар БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиыны аясында бұл командадан бөлек, даниялық «Мидтьюллан» және «Копенгаген» командаларына жолдастық кездесу өткізеді. 

Астана ФК Баспасөз қызметі