Марғұлан Ақан

Ұйықтап қалу, ерте тұра алмау сынды қиындықтарды бастан кешіп жүрсеңіз...

Қыркүйек айынан бастап барлық жерде тіршілік басталады. Жазғы демалыстан келген оқушылар, студент жастар, қызметкерлерден бастап күзде жұмысқа асығады. Тек алдарынан шығатын үлкен мәселе – ұйқы. Таңертең ерте тұра алмау, бойкүйездік, күйзеліс сынды ағзадағы ауытқуларға жиі ұшырай бастайды. Ал оның шешімі бар ма?


Қазір адамдар ұйқыны азайтуға тырысады. Неге?

 

Күз айында адамдар үшін қалыптасқан үлкен екі түсінік бар: бірі – ұйқыны азайып бәріне үлгеруге тырысу, екіншісі – ерте тұру ағзаның сергек болуына септігін тигізеді. Йогаға салсаңыз кез келген жаттығу мен әрекетті таңертеңнен бастаған дұрыс деп түсіндіреді.

 

Жалпы қарапайым адам үшін қанша сағат ұйықтау керектігі шешілмеген мәселе. Түрлі ойлар мен теориялық негіздер бар. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамға тәулігіне 6 не 8 сағат ұйықтауды міндеттейді.

 

Белгілі мендицина ғылымдарының кандидаты, эндокринолог Юрий Потешкин былай дейді:

«Адамдар таңғы 5 кезінде гипотиреоза және күйзеліс күйінде оянады, мұның ешқандай жақсы жағы жоқ. Күн көкке көтерілгеннен кейін барып адам ағзасындағы мелатонин жасушасы ояну керек, осы кезде барып адам толыққанды ояну үрдісін жалғастыра алады. Сондықтан күннің көзі көріне салып немесе таңғы 5 кезінде тұру адам денсаулығына пайдалы деген түсінік жоқ».

 

Күз кезінде ұйқыға неге әуес боламыз?

 

Көктем мен жаз айларында таңертең ерте тұру қалыпты жағдай. Күннің көзі таңмен ерте көріне бастайды. Күн шыға салысымен адам ағзасынан мелатонин жасушасы аздап бөліне бастайтындықтан, адамның сергек әрі ерте тұрып кетуі түсінікті жағдай. Ал күз және қыс айларында бұл үрдіс қиындық әкеледі. Себебі күннің көзі барған сайын кеш көрінетін болады. Бұл ендігі табиғи құбылыспен байланысты.

«Күз кезінде таңмен ерте тұру адам ағзасы үшін қиын болғанымен, оны өзгертуге болады. Ағзадағы биологиялық сағатты тұрақтандыру үшін күнделікті дұрыс тамақтану, әр күнге жоспар құру, күн көзінде көп жүру, күндіз де барынша жарықты жағып қою, таңертең оятатын оятқыштың жарығын да максималды түрде қосу керек. Бұл көмектеседі»,-дейді сомнолог дәрігер Дарья Лебедева.

0 Пікір Кіру