Weekend

Хулио Кортасар "Бодлер туралы"

Франсуа Поршенің «Бодлер.Жанның тарихы» атты кітабы жайында

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Борис Дубинның алғы сөзі

Дүниежүзілік соғыстың алғашқы айында өмірге келген Хулио Кортасар, бір жарым жасында отбасымен бірге Брюссельдегі неміс басқыншылығына ұшырайды. Он жасқа да толмаған Хулио Кортасар өлең мен прозаға ден қойып, Аргентинаның біраз түкпірі мен әлемді шарлап өзін ұзақ іздейді. Даңқын асқақтатқан новеллаларын (кейінірек романдарын) ол баспасөз беттеріне отызды алқымдаған шағында ғана жариялап, тұңғыш кітабы тіптен отыз жеті жасында жарық көрсе де, ол өзінің білім алуын тоқтатқан емес. Мектеп- Кортасар әлемінің маңызды локусы екендігі оны кімнен білім алып, қай ортадан түлегенін және кімдердің үлгісінде томағасы сыпырылғанын есімізге салары сөзсіз. Ал қазір ол тудырған сурет, фотосурет, музыка, оның ішінде-джаз әуендерінің барлығын бір сәтке ысырып қойып, әдебиетке ғана тоқталғым келіп отыр.

Қырық жасында Кортасар Артюр Рембоға, Антонен Артоға, Джон Китсқа сын, пікір, эсселер жазса, ал елу жасында Эдгар Поның шығармаларының төл аудармасын жария етті. Айшықты таңдау. Жаңа дәуір әдебиетінің белгілі тұлғалары құраған аталмыш шеңберге мүше ретінде-романтиктерден бастап жоғары модернизмге дейін-ол Бодлерді де жатқызды, 1949 жылы жазған пікіріне алда оралатын боламыз. Ондағы екі нәрсеге тоқтала кетейін: Костасар үшін аса маңызды болып табылатын жаңа дәуір ақынының «биік реализмыне» аялдауы мен Кортасарлық көзқарастың қиын траекториясы. Бодлер жөніндегі биографиялық монографияға баға беруші оның мәнін нақты бір тарихи кезеңге түсіруден де, 19 ғасырдың елуінші жылдарына, жаңа дәуірдің өткен күн алдындағы міндетін де ұмытып, жүз жыл өткен соң да қиялындағы артықшылыққа қарсы көзқарастан бас тартып отыр. Еліктірер қызығушылықтан туатын бұндай алшақтық та, меніңше, Бодлерлік мұраның елеулі кезеңі, саналы ғұмырын жалмаған «бейнеге табыну».

Күні кешегі сәттерге тоқтала кетейік. Кортасардың үздік аудармашыларының бірі Элла Брагинская (1926-2010) «Нөлдердің» бас кезінде, оның эсселерін қамқорлықпен жинап, пікірін білдіріп, көп жағдайда аударып, оны 2002 жылы екі шағын кітап қылып шығарды. Оның ұсынысымен менің де аударған кейбір дүниелерімнің ішінде Кортасардың Бодлер жөніндегі Поршеның биографиялық томына рецензиясы болуы тиіс болатын. Мен бірақ үлгерте алмадым, тіпті жұмысты қолға алуға кеш болды, сондықтан кейбір беттермен қоштасуға тура келген болатын. Енді өткенге деген қарызымды ризашылықпен өтеймін.

 

*  *  *

Франсуа Поршенің «Бодлер. Жанның тарихы» атты кітабы жайлы.

Бүгінгі таңда да Бодлер шығармашылығына әділетсіз көзқарас танытып, кез-келген ақын өз заманынан озық туары сөзсіз, десе де одан алшақ кетпей, қайткен күнде де арқа сүйері ретінде, биікке ұмтылатыны туралы бастауға болушы еді. «Зұлымдық гүлдерінің» біраз беттеріне шимай түсіруге сыншыға жол жиегі деңгейіне түсу жеткілікті (1850 жылдардағы Парижге оралайық). Әділетсіздік құр жаяу дәлелде де қылаң бермек, бұл ретте поэзия деңгейіндегі жалғыз мүмкін түсінік қарапайым өкшеге езілуді (барлық мүмкін болған кемшіліктрімен) ауада еркін қалықтауға телу. Бодлер шығармашылығына деген әділетсіз көзқарастың оның замандастарына қарағанда мүлдем басқаша бел алуы мен өзге ниетті басшылыққа қалдыруы . Енді ол таң қаларлық сыни аппаратпен қоса көрегенділікпен қаруланған. Тоқ етерін айтар болсақ, «Зұлымдық гүлдеріне» қарсы сот процесінде кітаптағы біраз бей әдеби олқылықтарға, поэзияның азғындыққа ұласуына кез болған; бүгінде (бір ғажабы, Бодлердің талмай оқуына сүйенсек) «Гүлдерді» орны толмас әдеби олқылық ретінде әдеттен тыс күрделілігіне бола айыптайды. «Талғамсыздық» және «Бұзылу» сынды түсініктер, 1857 жылдары автордың адамгершілігі мен эстетикасы тұрғысында сөз етілсе, енді оның шығармашылығынан күдіктенуге әкеліп соғып отыр. Айшықтала түскен, қазіргі әділетсіздік, турасында бастауын содан алады: ол дегеніміз Бодлер поэзиясы сайып келгенде бүгінінде нені алға тартып және болашақтан нені бажайлағанын ажырата алмады. Басқаша айтқанда, «Зұлымдық гүлдеріндегі» абсолюттілік пен қатыстықты ажырата алмайды.

Нақтылайын. Мен қатыстық деп Бодлердің Гюго, Мюссе, Ламартинаны оң жағында, Виньиді-ортасында, ал Готье, Леконта де Лиля және Банвиляларды-сол жағында көруі арқылы жазған романтизміндегі тарихи жағдаяттарды түсінемін. Сонда да, осы жағдайға ден қойып, өз заманының көзқарасына жатпайтын, өзге де қателіктерге ұрынып үлгерген, Бодлер, атақ-даңқ дегеннен бас тартып, өзінің дағдылы өмір сүру үлгісінен бір табан таймады. Ол сол кезеңнің адасқақ және сансыз көп тізе бүгуші ақындары ішіндегі ең қайсары еді. Ия, ол сыншылардың оң көзқарасын іздеді, Сант-Бевтың алдында қорқаусоқтағанымен «Зұлымдық гүлін» жазып, баспа бетіне шығарды. Өзінің Академияға түсуге деген ұмтылысына қарамай, замандастарының өнеріне деген ең әділ де, жүректі сыншылығын доғарған емес. Сондықтан оның қарсыластарына кезекті айыптау арқылы оның шығармашылығына жанама әсер етумен шектелуге тура келді, түп нұсқа мен жаңа, тіпті ақынның әлсіз деген өлеңдерін алып қарасақ, кейбір оның ымыраға келуге ұмтылған, жасырын тұспалдардан тұратын риторикалық қимылдарын көреміз (өз кезегінде le calumet de la paix). Бодлердің жаңа дәуір поэзиясының бел ортасында тұрғанына қарамастан, «Зұлымдық гүлдеріне» «таза» лирика турасынан өлшенуіне байланысты тағылған жалаларды ескеру керек. Өз қатыгездіктерін адамгершілік майданына айналдырып, әділетсіздікті әдеби тұрғыдан қарастырмаған жалақорлардың 1857 жылы құлдырауға ұшырауы осы арада әділетті сынды.

Бір ғажабы-мен бұл жөнінде айтқан болатынмын- Бодлер оның өлеңдерін «тазалық» ұғымынан ада деп кінәлауға дайын жандардың қолына қаруды өзі беруге әзір. Бізге боямасыз поэзия табиғатын ашып, ауызекі сөйлеудің біраз сырын жеке басының жетістіктері табылған дүниелерді қайталауға тыйым салған жағдайда, ақтарған да сол болатын, ол өзінің «Зұлымдық гүлімен» болашақта ешқандай есерлік, елеусіз болса да этика мен эстетиканың қоспасыннан зардап шекпейтін поэзияның жаңа деңгейіне алып шықты. Оның мұрасы арқылы біз енді Бодлерды «таза» лирикадан ауытқуға ұшыраған деп айыптай аламыз. Сондықтан, оған қатысты ең әділетсіз болып табылатыны-оның бастамасын қалаған ауқымды поэзиясын елеулі ілгерілеуге жетелеген атақты шығарманың маңызын төменшіктетпеу. Оның іңкәрлігі өзі айтқан шеңберден шыға білді: бұл поэзия мен сыннан көрініс таба білетін еңбек иелерінің рухани қозғаушысы. Біз оны шығармашылықтың ішкі тербелісін тудыру мен қағаз бетіне түсіріп, Бодлерден кейінгі поэзиядағы ғасырлық өзгерістері бар, байланысын таба білу.

Бодлер әлемінің бар байлығына терең бойлау мүмкін емес. Ақын шығармашылығымен танысып оның тереңіне бойлау, уақыт өте келе өлшеусіз көп әрі әрқилы жемістері мен Бодлер жазып қалдырған өмірге құмарлық бастамасы болып табылатын жаңа бетері ашылады. Меніңше, біздің ғасырдың поэтикалық ойларына әсер етпей қоймаған «Зұлымдық гүлдерін» оның бай мұрасы деп тануды дұрыс көремін. Біріншіден, Бодлердің адами жағдаяттарын айтар едім. Тақырыбы, тілі, ұстанымы-барлығы да адамгершілік деңгейі болып табылатын жерге орналастырылған, осыдан өлең жебесі атылып шығары сөзсіз. Бодлер Олимптың адамгерішілікке үйлесімі барын білген. Дейтұрғанмен, оны екі нәрсе кері тартты: көк үстінде Пайғамбар немесе Мәсіх ретінде төніп жыр жазу немесе Ламартин мен Виньи секілді

Бодлердің бұл адамилыққа деген мұқалмас адалдығы замандастарының ашуына тисе де ол үшін қажет әрі ақылға сыйымды болды. Менің айтпағым ол негізін салып қалыпқа келтірген табиғилық өнер туындыларымен, ойлап табылған шеберліктің үлгілері қатар жүретін поэтикалық әлем турасында. Адам оның жұпыны болса да өз меншігінде өмір сүреді. Бодлердің Платондық көзқарасы оның сын өлеңдерінде айқын көрініс тауып, «ортақ түйінінен» бір секундқа да ажырамауға сеп болады. Ақын Эдгар По шығармашылығымен таныс бола бастаған сәтте дами түскен ұқсастыққа яки символдық теорияға итермелейтін көріпкелдік болжам оны ұсыныстар әлемін жеткіліктілік пен өзгеріссіздікке қарай билеп төстеуге мүлдем мұқтаж қылмайды. Өлеңде ол мәңгілікке ұмтылса да, қапалы санасы оны уақыттың кеудесінде тоқтап қалған сюрреализмды ілгері жылжытуға күш салады: поэзияның тылсым күші-жұмаққа дәл сол жерде ие болуға деген ұмтылыс, «sur cette terre meme». Тек поэзия ғана жаулап алушылыққа қай қалыптастыру ретінде қарайды.

Меніңше, дәл осы үлеске деген адалдық Бодлердің ұлылығын қалыптастырып, ақынды оның көптеген түсініктеріндегі романтикалық қақпаннан алып шығады. Және меніңше, дәл осы шығармашылық тұғыры оны жаңа заман поэзиясының королі деген берік таққа бастап барады. «Ол-біздің естеліктеріміздің нақ ортасынан орын тепкен қола белгі»,-деп Рамон айтқандай, шынымен де, жаңа заман ақындарының санасында ол дәл ортада орналасқан ілгері жылжуға сеп берер қозғаушы күш іспетті. Дегенмен оның бір ғана поэзиясы мен терең ойлары біздің санамызда (сана немесе намыс) Бодлерге мәңгі қалуға көмегі болды ма? Рембо өзінің атақты хатында Бодлерлік қалыпқа күдікпен қараса да, екі-ақ жол бұрын одан «Тұңғыш көріпкелді, ақындар патшасын, нағыз Құдайды» көрген болатын-неге? Оның жас Маллармеге әсері, оның ашқан жаңалықтарын Фагенің сілікпесі шыққан ұрпақтарына шайнап беруге әзір арзанқол сыншылардың қызығушылығын тудырды-бұл қозғалыс қандай астыртын күшке ие болды екен? Андре Жид, Маритен, Валери көптеген түсіндірмелерді алға тартты. Алайда, менің ойымша олар үйлесім тапқан нәрсе, Бодлер бойындағы өз кезеңінің көшбасшы лиригы болуы жолындағы ешқандай ақылға сыймайтын іске бармай табиғат сыйлаған қасиетті арттыра білуінде. Бұл поэзиядан бастау алатын Бодлердің жоғары реалистік танымы, оның ұрпақтарына өз жолдарын тауып, оларға күш пен өмірді сыйлаған жолмен жүруді үйретеді. Және бұл даму тоқтамақ емес.

Франсуа Поршеның еңбегі Бодлердің сол кезеңдегі лайықты орны мен өмірлік баламасын табуға тырысып жүргендерге пайдасы орасан зор. Зерттеушілердің соңғы қол жеткізген дерек көздеріне сүйеніп, Порше Бодлердің бақытсыз ғұмыры туралы рухани әрі биографиялық портретін дүниеге әкелді.

Өз-өзімен күрестен ақын өлеңдері мен сын прозаларын тауып алатын байқампаз Порше жүйелі түрде оның интеллектуалды өсуі, мәдени дүниелер мен оның туындауын зерттеумен айналысады. Осылайша екінші бөлімнің алтыншы тармағында «жаңа поэтикалық өнердің» елеулі сәттері қорытындыланған. Маңызды жырлары мен прозалық жазбаларындағы (сыни жазбалар, эссе) көсем сөздердің жаныңды баурап алатыны сонша құдды Бодлермен сөйлесіп отырғандай күй кешесіз. Әрине, автор өз кейіпкерінің бойындағы «тұлғаның екіге бөлінуінің» жақсы, жаман тұстарын жасырмайды. Ақынның анасының оның рухани даму сатысындағы орны, ол бұрынғыша өзін жат сезінетін бір орында тұрмайтын өмір, қоғамдағы ессіздікпен күрес және ең бастысы Эдгар Поны оқу арқылы түбегейлі өзгерістерге ұшырауы. Оған қоса, Порше жанама бейнелерге, ақынның эпизодтық кейіпкерлеріне аса мән береді, олардың әрқайсысына лайықты орын мен бөлімді дұрыс көрген. Назарын, мысалы, Ансель мырзаға салуы шынтуайтында Бодлер жанашырының мақтауға әбден лайық екенін көрсетеді.

Runa academy