Hi-Tech

Қытайдағы «Қара айна» бағдарламасы

Жасанды сана арқылы адамды басқаруға үгіттейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елестетіп көріңіз, сіздің кім екеніңізді, қандай адам екеніңізді компьютер анықтап береді. Анығын айтқан кезде жасанды сана арқылы сіздің өмір сүру қағидаңызды белгілейді.

 

Дәл қазір қытайда, қытай жұртының тағдырына араласып, өзінің жүйесін енгізіп жатқан «Қара айна» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Халықтың ықыласына бөленген адамның қоғамда өмір сүруге мүмкіндігі бар, ал пайдасынан зияны көп адам бір қадам да алдыға баса алмайды екен.

 

Аталған бағдарлама ҚХР –ның мемлекеттік кеңесінің тапсырмасымен, 2014-2020 жылдарға арналған әлеуметтік жүйені құратын бағдарлама негізіндегі несиемен жүзеге асып жатыр.

 

 

Жүйе қалай жұмыс жасайды?

 

 

Сіз туралы толық ақпарат ала бастайды. Дүкенде зат сатып алуыңыз, салықтарыңыз, әлеуметтік желідегі өзгеге және өзіңізге басылған лайктер, тіпті қозғалысыңызға дейін есептеледі. Алайда қытайлықтар бұл технологиямен келіспейді. Босқа уақыт құрту, ақшаны далаға шашу деп санайды.

 

Алғашында адамдарға 1000 (балл) беріледі. Ал ары қарай оны жоғалту және сақтап қалу адамның өзіне байланысты. Мәселен үй жануарын серуенге алып шығып, оның артынан дәретін тазаламасыңыз (-5) балл алынады да, керісінше біреуге көмек қолын созсаңыз (+5) балл қосылады.

 

Sesame Credit компаниясының директоры, аталған жобаны жүзеге асырушы Ли Йинг-Юннің айтуынша, күні бойына 10 сағат видео ойын ойнаған адам «қаңғыбас» болып табылады-мыс.

 

 

Адамдардың бәрі 5 категория бөлінеді:

1.     ААА – 1050 балл жинағандар;

2.     АА – 1000 балл жинағандар;

3.     В – 900 балл жинағандар;

4.     С – 849 балл жинағандар;

5.     D – 599 балл жинағандар

 

 

ААА – бұл элита. Оларды жұмысқа тез алады, өте төмен пайызбен несие береді. Дәрігерлер сізге жақсы қарайтын болады.

D категориясында болсаңыз, сіздің жұмысқа орналасуыңыз қиын. Сізге несие бермейді. Тіпті қоғамнан бөлініп қаласыз.

 

Қазір бағдарлама елдің 30 қаласында жүзеге асып жатыр. 2020 жылы жалпы қытай халқына осы бағдарламаны енгізуді көздеп отыр.