Weekend

Электрондық әдебиеттің қалыптасуы

Әдебиеттің жаңа формаларының пайда болуы және дамуы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Баспалық әдебиеттен электронды әдебиетке өту процессіндегі әдеби- ғылыми эксперименттер» немесе «адамдық импульстан әдеби мәнерлікке»  немесе «әдеби формалардың эволюциясы»- бұның барлығы шоуларда көрсетілетін таңғажайып рең мен түстер сияқты. Бірақ біз «электронды әдебиет және жаңа формалар» атты тақырыпты таңдау арқылы әдебиеттегі  жасалып жатқан ерекше өзгерістер жайында айтатын боламыз. Алдымен, Whittall Pavilion әдебиет конгрессі ұйымдастырған бес Электронды Әдебиет тұрағын жүйелі түрде ашып және электронды әдебиет орталықтары, артефакт пен концепт екеуінің электронды әдебиеттің негізі ретінде асты сызылып қойылуы керек деген заңдылықтар секілді біраз жұмыстарды бөліп түсіндіруге тура келеді. Электрондық идея тасушы хроникалық ишарат білдіруі мен ескі формаларды қайта ұйымдастыруы үшін суретшінің контекстуалды эксперименттеріне қатысты баспа жұмыстарының көрсетілімінің құрастырылуы тағы бар. Бұл Құру нүктесінің кеңістіктегі жалғыз мақсаты келушілер үшін мүмкіндіктер ашып, әдебиет өнерінің тууына белсенді атсалысу болатын.

Электронды әдебиет әдеби эксперимент пен адамзаттық алға жылжу процессінен табиғи түрде туып, баспалық әдебиетке қатты ықпал етіп жатқан жаңа әдеби формат болып есептелінеді. Бұл адамның рухтану динамикасының өзгерісі әрі уақыт пен ортаның жалғасуының жаңа үлгісі ретінде қалыптасып келеді. Ауызша, жазбаша, баспа, электрондық, мобильді әдебиет, бұлар, жүйелі түрде сатылап дамып келе жатқан тізбек. Өнер жасау жолындағы бұлардың әрқайссы өзіндік ізденістен, өзіндік тарихтан өтті.

  Сонымен, электронды әдебиет дегеніміз не? Негізінде бұл «сандық туылу» деген сөзден ажыратып алуға болды, яғни компьютерден туады және компьютерден оқылады. Бүгінде әлемді смартфондық терминдер мен құралдар басып алды.

 Электронды әдебиет яғни сандық әдебиет тарихы тек соңғы бес, он жылдық шамасында туды. Théo Lutz 1959 жылы алғаш рет компьютерлік поэма шығарды,ол «Стохастикалық текст» деп аталды. Бұл 1990 жылдардан бастап коммерциялық жұмыс ретінде жарияланды. Визуалды, дыбыстық, кино өнері мен компьютер ғылымының жаңа платформаларына негізделіп, біріккен ізденіс үстінде әдебиеттің жаңа формалары пайда бола бастады. Электронды әдебиет оқырмандарына сенсорлық модальді құралдарды пайдалануды талап ететін гибридтық өнер түрі болып қалыптасты.

 Электронды әдебиеттің ішінен өте көп жанрларды табуға болады. Гипертексттік поэма, гипертексттік көркем туынды, интерактивті көркем шығарма,кинетикалық поэзия, негізгі текст, интерактивті драма сияқты толып жатқан атаулары жетерлік. Электонды әдебиетті түсінудің кіліті жанр аттарының құрылымын білу шарт, бұлар дәстүрлі әдеби жанрлардың түрленуінің механикасы болып табылады. Гипертекст және поэзия, кинетикалық және поэзия, интерактивті және драма. Бұлар біз баспалық әдебиетте қолдана алмайтын функция мен формалар. Бірақ кітаптың бұл түрі бізге көп өтпей үйреншікті құбылысқа айналып та кететіні сөзсіз.

Әдеби конгресстегі электронды әдебиеттің таралым мәселелері

Әдеби конгресстің мақсаты, «Алдағы ағарту мен шығармашылық процесстердің барлығы Американ халқы үшін жасалады.» Бұл жердегі «процесс» деген сөз баспалық әдебиеттен мобильді ортаға лайықталған әдебиеттің жаңаруы мен революцияны басынан өткізуі деген түсініктен әлдеқайда кең жатыр. «Электронды әдебиет және жаңа формалардың пайда болуы» деген тақырыпқа осы әдеби конгресс мақсаты жауап бетін сияқты. Жұмыстың таңдамалылары үшін барлық шешімдерді концептуалды шеңбердің ішінде ақпараттандырады. Американдық ықпалды тұлғалардың әртүрлі тілде жасаған барлық жұмыстарының электронды әдебиет, оның ішінде ұлттық әдебиет ұғымын қалыптастыру бағытына біріктіру әдеби конгресстің негізгі ұстанымы болып есептелінеді. Конгресстің санағы бойынша әр жыл сайын әдеби вебсайттарға 77 миллион кірушілер тіркелген және  581.1 миллион бет оқылған. Бұл көрсеткіш әсіресе мына жанрларға тікелей байланысты: кинетикалық поэзия, гипертексттік көркем шығарма, графикалық романдар.

  Электронды әдебиет бес түрлі «Контекст тұрағына» бөлінеді дедік, сол жүйе бойынша кезеңдік авторлар мен шығармалар аттарын қысқаша баяндайық. 

Электронды әдебиет тұрағы 1: Кинетикалық поэзияның айқындылығы

Эдуардо Kac, «Nao!» (1982/84)

Дэн Вебер, «Арқандар» (1999)

Том Свиз, «Ұялшақ бала» (2002)

Роберт Кендал, «Сенім» (2002 )

 Патрик Лискивиз, «Afeeld» (2010)

Электронды әдебиет тұрағы 2: Кесуден қиратуға дейін

Майкл Джойс, «Түскі оқиға» (1990)

 Стуард Моулсроп, «Жеңімпаз Гарден» (1991)

Джуди Малой, «Оның аты Пенелоп болатын» (1993)

 Дженнифер Лeй, «Саяси тән» (1999)

М. Д Coвелей, «Египет: Алға бара жатқан кітап» (2006)

Стефани Стрикленд, «Жылтылдаудың тайуы « (2007)

Электронды әдебиет тұрағы 3: Понгтан әдеби ойындарға дейін

Ник Монтфорт, «Ad Verbum» (2000)

Имали Шорт, « Галатея « (2000)

Джейсон Нельсон, «Ойын, ойын, ойын және тағы ойын» (2007)

Aлан Бигелов, «Бұл ақын емес» (2010)

Джасон Эдвард, «P.O.E.M.M. шеңбері» (2011)

Джоди Зеллен, «Арқа сонеты « (2012)

Марк Марино, «Өмір сүресің» (2012)

 

Электронды әдебиет тұрағы 4: Тамаша Американ романынан сандық мультимодальді баяндауға дейін 

Ранд Миллер, Робин Миллер, &Дэвид Уингров, «Myst» (1993)

Ингрид Анкерсон& Meган Сапнер, «Кемемен жүру» (2001)

Майкл Стэгер& Андрей Стерн, «Фасад» (2005)

Евин Йан & Геофри Йан, «Жүк тасушы»(2009)

Стив Томасула, «TOC романы» (2009)

Электронды әдебиет тұрағы 5: Әртістің кітаптарынан электронды өнерге дейін

Талан Мемот, «Lexia to Perplexia» (2000)

Ерик Лойер, «Оғаш жаңбыр» (2010)

«Электронды әдебиет жинағы 2», [“кітап” формат] (2011)

Амаранс Борсук& Брад Боуз, «Парақ пен экранның арасы» (2012)

Қортынды

Кешегі және бүгінгі әдеби өнердің байланысы, бұл қайдан келді және қайда барады, осы тұрғыдан бізді терең ойлануға шақырады. Әдебиетте жаңа формалардың тууы және эволюциялық түлеуі бұл жалғаса беретін табиғи құбылыс екені анық.

 

Сілтемелер: © 2016 Electronic Literature and Its Emerging Forms. Theme: Ari by Elmastudio. Proudly powered by WordPress.(Мақаладан қысқартылып алынды.)

Runa academy