Weekend

Бекзат Саттархановтың әкесі дүниеден озды

Қазақ боксшының әкесі өмірден озды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сиднейде өткен XXVII Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов дүниеден озды, - деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін Сейілхан Саттарханов дүниеден өтті. Ертең Түркістан қаласында 15.00-де жаназасы шығарылады", - деді Түркістан облысының спорт басқармасындағылар.

Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Түркістан қаласындағы қарапайым отбасында өмірге келді. Ол – үйдің кенжесі. Әкесі – Сейілхан, анасы - Сырлыкүл. Әлемді мойындатқан боксшының Бағдат, Болат, Мақсат есімді ағалары бар.

2000 жылдың 31 желтоқсан күні жаңа жылға 15 минут қалғанда Шымкент қаласының маңындағы Темірлан бекетінде Бекзат Саттарханов жол апатынан қаза болды. Әуесқой бокста Бекзат Саттарханов 143 жекпе-жек өткізіп, 132 кездесуінде жеңіске жеткен.

2019 жылы спортшы жайында "Хабар" агенттігінің тапсырысымен "Бекзат" көркем фильмі түсірілді. Режиссері – Мұрат Бидосов, сценарий авторы – Сержан Закерұлы. Түсірілім Түркістан, Шымкент, Тараз қаласында және шетелде өтті.