Weekend

Сегіз қырлы, бір сырлы: киелі ойдың мәні қандай?

Қазақтың әр сөзінде кие жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әдеби еңбектерден бастап күнделікті қолданыста пайдаланып жүрген қазақтың төл тіліндегі тұрақты тіркестер, қанатты сөздер, мақал-мәтелдердің өзіне тән табиғаты мен ерекшелігі бар. Біріміз білеміз, біріміз білмейміз, қазақта “сегіз қырлы, бір сырлы” деген жақсы сөз бар. Елден ерек туған, өнерлі азаматтарға қаратып айтып жатады. Ал шынында бұл сөздің мәні қандай, астарында қандай ой жатыр?

 

Сегіз қырлы, бір сырлы:

Тектілік

Бекзадалық

Көңілдің ашықтығы

Мәрттік

Ілім мен білім

Батырлық

Байлық

Парасаттылық

Ал бір сырлы деп отырмығанымыз – имандылық. 

Осы қасиеттеріне қарай адамға қазақ дөп басып бағасын берген. Сегіз қырлы жігіттің иманы әлсіз болса, бәрінің бекер болғаны. Ал иманы күшті бола тұрып, бірде-бір қыры болмаса, ол да бекершілік. Бір-бірін толықтырып тұрған аталы сөздің қадірі осындай.