Саясат

Ақтөбеде біраз көшеге қазақша атау берілді

Орысша атаулар алынып тасталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбе облысында бірнеше жыл бойы атаусыз тұрған көшелерге атау берілді. Бұл туралы Inform.kz хабарлайды. 

Олар қазір Балуан Шолақ, Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Құс жолы, Жеті қазына, Келешек, Інжу-маржан, Бес қайнар, Балбырауын, Сұлутөбе, Тоғайлы, Сарыарқа, Тайқазан, Кеңжайлау, Ақбесік, Базарлы деп аталады. Осындай 95 көше бар. Сонымен қатар, Пугачев - Мұхтар Әуезов, Степан Разин - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Роза Люксембург - Дина Нұрпейісова, Совхозный проезд - Үш таған, Щорс - Арай көшесі, Демьян Бедный - Қасым хан, Кольцов - Орал, Ударный - Темірқазық, Кобозев - Бурабай, Ағайынды Коростылевтар - Керей хан атындағы көше болып өзгерді.

Осы жолмен ескі көше атаулары Жәнібек хан, Шәкен Айманов, Сауран, Самұрық, Ізгілік тұйық көшесі болды. «Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясы атаусыз құрамдас бөліктерге атау беру туралы 95, қайта атау туралы 79, елді мекендерді қайта атау туралы 2, барлығы 176 ұсынысты қарап, оның 155-іне оң қорытынды берді. Сондай-ақ 224 атау республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алды. Қазіргі таңда облыс топонимика кеңістігіндегі қазақ тіліндегі атаулардың үлесі 93 % құрады. 2017 жылмен салыстырғанда өткен жылы облыстағы идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар үлесі екі есеге азайды», - деді Ақтөбе облыстық тілдерді тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева.